13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Денсаулық

ЖРВИ мен тұмаудан сақ болыңыздар!

5 сентября, 2024
in Денсаулық
0
ЖРВИ мен тұмаудан сақ болыңыздар!
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
Жылдың суық мезгілі келуімен жіті респираторлық вирусты инфекциялар (ЖРВИ) мен тұмау ауруының маусымы басталады. Сондықтан ЖРВИ және тұмау ауруынан сақтана білген жөн. ЖРВИ тұмау аурушаңдығының эпидемиялық маусымы 1-ші қазаннан басталып келесі жылдың сәуір айының соңына дейін созылады.
Тұмау – бұл инфекциялық вирусты ауру, қоздырғышы А, В типтегі вирустар. Аурушаңдық науқас адамнан дені сау адамға ауа-тамшылы жолмен беріледі. Тұмауды жұқтырған уақыттан бастап клиникалық көріністерінің пайда болу мерзімі бірнеше сағаттан бірнеше күннің арасында өтеді.
Тұмаудың негізгі көріністері – жалпы әлсіздік, қатты бас ауру, көз алмасын қимылдатқан уақытта ауру сезімі, қалтырау, ауру ағымына қарай дене қызуының 38-40С көтерілуі, бұлшықет пен буындардың ауру сезімі, көздің жасаурауы, мұрынның бітуі, тамақтың қышуы, тершендік, құрғақ жөтел. Аурудың ұзақтығы 5 күннен 10 күнге дейін созылады.
Тұмаудың салдарынан вирусты және бактериалды пневмонияға, отит, гайморит, менингит, энцефалит, сонымен қатар септикалық асқынуларға әкеліп соқтыруы мүмкін.
Тұмаудың алдын алудың ең сенімді жолы- тұмауға қарсы егу болып табылады.
ЖРВИ мен тұмаудан алдын алу:
ең бастысы, тұмау ауруының эпидемиологиялық маусымы алдында — жыл сайын уақытылы тұмауға қарсы профилактикалық егу алу;
әрдайым жеке бас гигиенасын сақтап, қолды әрбір іс-әрекеттен кейін, тамақтың алдында сабындап жуу; үйде желдету тәртібін сақтап, жиі-жиі желдетіп тұру; эпидемиялық кезеңде халықтың көп шоғырланған жеріне бармау, баратын жағдайда бетперде тағып, оксалин майын мұрынға жағуды ұмытпау; егер жанұяңызда жедел респираторлы вирусты инфекциясымен немесе тұмау ауруымен науқастанған жағдайда өз бетімен дәрі-дәрмек қолданбай, үйге жергілікті емханадан дәрігерді шақыртып, мамандырылған ем алу;
қарым-қатынастағыларға жұқтырмау үшін бір реттік бетперде қолданып, бетпердені әр 3 сағат сайын ауыстырып отыру.

Искаков Аскар Бекболатұлы

ҚР ДСМ СЭБК Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы орынбасары

 

Previous Post

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова мен ХЕҰ Бас директоры Жильбер Унгбо жұмыспен қамту және халықтың табысын арттыру мәселелерін талқылады 

Next Post

Шымкент қаласының үлгісінде мемлекеттік басқаруды цифрландыру

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі