13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қазақстан мен Өзбекстан сауда-инвестициялық ынтымақтастықты арттыруда

8 августа, 2024
in Жаңалықтар
0
Қазақстан мен Өзбекстан сауда-инвестициялық ынтымақтастықты арттыруда
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров екі елдің кәсіпкерлері арасында тікелей байланыс орнатуға және инвестициялық және сауда қатынастарын жандандыруға бағытталған Қазақстан-Өзбекстан Іскерлік кеңесіне қатысты.

Іскерлік кеңесте сөз сөйлеген Ә. Қуантыров Қазақстан мен Өзбекстанның энергетика, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, су пайдалану және экология, білім беру, сондай-ақ көлік және логистика сияқты түрлі салалардағы ынтымақтастық үшін айтарлықтай әлеуетке ие екендігін атап өтіп, екіжақты қатынастарды дамытудың маңыздылығына тоқталды. Министрдің орынбасары екі елдің бизнес-қауымдастықтары арасындағы өзара іс-қимылдың ұлғаюы жаңа жұмыс орындарын құруға алып келетінін және екі мемлекетте экономикалық өсуді ынталандыратынын атап өтті.

«Тату көршілік тарихының, мәдениетінің және дәстүрінің ортақтығына сүйене отырып, Қазақстан мен Өзбекстан барлық бағыттардағы ынтымақтастықты нығайтуды жалғастыруда. Өткен жылы елдер арасындағы тауар айналымы 4 млрд доллардан асты. Біздің мемлекеттер басшыларының тапсырмасы бойынша өзара сауданы 10 млрд долларға дейін арттыру бойынша шаралар қабылдануда», – деді Ә. Қуантыров.

Оның айтуынша, Қазақстанда Өзбекстан капиталы бар 2200-ден астам заңды тұлға тіркелген, ал өнеркәсіптік кооперация жалпы сомасы 2,6 млрд доллар болатын 60 жобаны қамтиды, оның ішінде Қазақстан аумағында 55 жоба және Өзбекстан аумағында 5 жоба.

Іс-шара барысында инвесторларды мемлекеттік қолдау шаралары, оның ішінде кедендік баждардан босату, түрлі салықтық жеңілдіктер мен заттай гранттар егжей-тегжейлі талқыланды. Қолайлы инвестициялық ахуалды құруға бағытталған жаңа бастамаларға ерекше назар аударылды. Министрдің орынбасары Іскерлік кеңестің ағымдағы отырысы Қазақстан және Өзбекстанның іскер топтарының өкілдері үшін тығыз ықпалдастықтың жаңа мүмкіндіктері мен перспективаларын белгілейтініне сенім білдірді.

Іскерлік кеңес аясында мемлекеттік органдар мен бизнес-қауымдастықтар өкілдері арасында келіссөздер өтіп, ынтымақтастықты дамыту бойынша нақты ұсыныстар талқыланды.

 

Previous Post

Түркістан облысында 62 инвестициялық жоба іске асырылады

Next Post

ӨЗАРА ЫҚПАЛДАСТЫҚТЫҢ ЖАҢА ФОРМАТЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі