13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысында 62 инвестициялық жоба іске асырылады

8 августа, 2024
in Жаңалықтар
0
Түркістан облысында 62 инвестициялық жоба іске асырылады
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 137,8%-ға өсті. Түркістан өңірінде инвестициялар көлемі 420,8 млрд теңгені құрады. Биыл жартыжылдықтың қорытындысымен өңірге тартылған инвестициялар көлемі 420,8 млрд теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 137,8%-ға өсті. Ал, жалпы 2024 жылы құны 151,9 млрд. теңгені құрайтын 2 406 жаңа жұмыс орнымен 62 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. Бұл жайында бүгін Түркістан облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Нұржігіт Мырзахметов мәлімдеді. «Өңірге инвестиция тарту жұмыстарын күшейту үшін аудан және қала әкімдіктері, бизнес өкілдерімен бірлесе өткен жылы шет елдерге іс-сапарлар ұйымдастырылды. Нәтижесінде облыс экономикасына шамамен 1,2 трлн теңге инвестиция бағытталатын болды. Ірі жобалардың қатарында тоқыма кластерін құру бойынша «Лихуа Групп» компаниясы бар. Аталған компания облыста құбыр және тамшылатып суару жүйелерін өндіретін зауыт, 2 мақта өңдеу зауытын, жіп иіру, бояу және әрлеу фабрикасын, тігін фабрикасы сияқты инвестициялық жобаларды іске қосуды жоспарлауда. Биыл Қытай, Түркия және Корея елдеріне іс-сапарлар ұйымдастырылды. Сапар аясында облыстық делегация маңызды жобаларды жүзеге асыру, ІТ саласында тәжірибе алмасу, ауыл шаруашылығы саласын дамыту, озық технологиямен қамту, терең өңдеу, білім, мәдениет, туризм, Түркістан қаласындағы әуежайдың логистикалық әлеуетін пайдалану, әуе рейсін ашу және өзге де мәселелерде әріптестік орнату бойынша келіссөздер жүргізді», — деді басқарма басшысы. Бұдан бөлек, облыстың өнеркәсіп саласында биыл өнім көлемін 1 трлн 120 млрд теңгеге және өңдеу өнеркәсібі өнімі көлемін 510 млрд. теңгеге жеткізу жоспарланып отыр. 2024 жылдың 6 айдың қорытындысымен салада 551,6 млрд. теңгеге өнім өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 106,8%-ға өскен. Қазіргі уақытта облыста 1 003,2 гектарды құрайтын 13 индустриалды аймақ және 580 гектар аумақта арнайы экономикалық аймақтар бар. Бұл аумақтарда 53 кәсіпорын жұмыс істейді. Биыл қосымша 30 жобаның құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Previous Post

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Астанадағы Әлішер Науаи ескерткішін салтанатты түрде ашты

Next Post

Қазақстан мен Өзбекстан сауда-инвестициялық ынтымақтастықты арттыруда

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі