13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қазақстан Өзбекстанға шығаратын экспортты 550 млн долларға арттыра алады

8 августа, 2024
in Жаңалықтар
0
Қазақстан Өзбекстанға шығаратын экспортты 550 млн долларға арттыра алады
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан өзбек еліне ұн, бидай және өзге де азық-түлік өнімдерін экспорттауды жалғастыра береді. Бұл туралы Ақордада Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен келіссөздерден кейінгі БАҚ өкілдеріне арналған брифингте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

«Сапар аясында жоғары мемлекетаралық кеңестің алғашқы отырысы өтті. Онда қабылданған шешімдердің стратегиялық маңызы өте зор. Кеңес барысында қазақ-өзбек ынтымақтастығының өзекті мәселелері жөнінде пікір алмастық. Өзара серіктестікті нығайта түсудің тиімді жолдарын айқындадық. Нақты келісімдерге қол жеткіздік. Атап айтқанда, экономикалық байланыстарды күшейтуге келістік», — деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Өзбекстан Орталық Азиядағы сауда-саттық бойынша ең ірі серіктестер екендігіне тоқталды.

«Былтыр өзара тауар айналымы 4,4 млрд долларға жетті. Біз бұл көрсеткішті таяу арада 5, кейін 10 млрд долларға дейін жеткізу мақсатын тағы да атап көрсеттік. Ол үшін алыс-берістегі тауар түрлерін көбейтуіміз керек. Сондай-ақ экономикалық ықпалдастықты тежейтін кедергілерді жою қажет. Жалпы, сауда-саттықтың ауқымын кеңейтуге екі елдің де мүмкіндігі мол. Қазірдің өзінде Өзбекстанға шығаратын экспортты 550 млн долларға арттыра аламыз. Яғни, өндірілген тауардың тағы 40 түрі бойынша экспорт жасауға мүмкіндік бар. Өзбек елі де Қазақстанға көптеген өнімдерін жіберіп отыр», — деді Мемлекет басшысы.

Президент бұдан бөлек, ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық мәселесі талқыланғанын айтты.

«Былтыр осы саладағы тауар айналымы 1,7 млрд долларға жетті. Бұл жалпы сауда-саттықтың шамамен үштен бір бөлігі деген сөз. Еліміз әлеуметтік маңызы жоғары агроөнеркәсіп өнімдерін Өзбекстаннан импорттауға мүдделі. Сонымен қатар өзбек еліне ұн, бидай және өзге де азық-түлік өнімдерін экспорттауды жалғастыра береміз. Біз үкіметаралық кеңеспен ғана шектеліп қалмаймыз. Түрлі деңгейдегі жан-жақты ықпалдастықты жандандыра түсеміз», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

Previous Post

Орталық Азия тарихшыларының форумы

Next Post

Мирзиёев екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік жаңа деңгейге көтерілетініне сенім білдірді

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі