13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

БҰҰ Орталық Азиямен ынтымақтастықты нығайтуда

7 августа, 2024
in Жаңалықтар
0
БҰҰ Орталық Азиямен ынтымақтастықты нығайтуда
Share on FacebookShare on Twitter

Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу БҰҰ Орталық Азия үшін превентивтік дипломатия жөніндегі өңірлік орталығының (ОАПДӨО) Басшысы, БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкілі Каха Имнадзені қабылдады. Каха Имнадзе Орталық Азия елдері басшыларының 6-шы Консультативтік кездесуіне қатысу үшін Қазақстанға келді.

Тараптар Орталық Азияның артып келе жатқан рөлі мен өңір алдында тұрған сын-қатерлерді талқылады. Өңірдегі бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау үшін превентивтік дипломатия құралдарын дамыту мен нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

М.Нұртілеу Қазақстанның қауіпсіздік және орнықты даму саласындағы сын-қатерлерді шешуде БҰҰ-ның жетекші рөлін мойындайтынын және Ұйыммен ынтымақтастыққа басымдық беретінін ескере өтті.

«Бүгін Сізді Астанада Орталық Азия елдері басшыларының жыл сайынғы кездесуіне қатысуыңызбен қуана қарсы аламыз. Қазақстан Орталық Азия аймағында тікелей БҰҰ-ның қатысуымен көптеген үдерістерді жалғастыруға мүдделі», – деп атап өтті Сыртқы істер министрі.

Өз кезегінде, К. Имнадзе Қазақстанның бірқатар өңірлік ұйымда төрағалық етуін оң бағалап, елдің мультилатерализм қағидаттарына бейілділігі үшін алғыс білдірді.

«Қазақстанды маңызды өңірлік ұйымдарда сәтті төрағалық етуімен және Орталық Азия аймағы үшін аса маңызды 6-шы Орталық Азия елдері басшыларының Консультативтік кездесуін өткізумен құттықтаймын. Мен, өз тарапымнан, ОАПДӨО Басшысы ретінде өңірлік көпжақты ынтымақтастықты нығайтуға оң үлес қосуға дайынмын», – деп ескере өтті
К. Имнадзе.

Кездесу соңында тараптар барлық деңгейде тығыз байланыс орнатуға дайын екендіктерін растады және бір-біріне табысты жұмыс тіледі.

БҰҰ Орталық Азия үшін превентивтік дипломатия бойынша өңірлік орталығы – Орталық Азиядағы бес мемлекеттің үкіметтерінің бастамасымен 2007 жылы құрылып, штаб-пәтері Түрікменстанның Ашғабат қаласында орналасқан БҰҰ-ның саяси мәселелер және бейбітшілікті құру жөніндегі департаментінің арнайы саяси миссиясы.

Орталықтың негізгі мақсаты – Орталық Азия мемлекеттеріне өңірдегі бейбітшілік пен қауіпсіздікке төнетін қауіп-қатерлерді анықтау және жоюға көмек көрсету. Сонымен қатар, Орталық Азия елдері арасындағы әріптестік қатынастарды аймақтық және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықта ілгерілетуге ықпал етеді.

Previous Post

Қазақстан СІМ мен Дүниежүзілік банк ынтымақтастық перспективаларын талқылады

Next Post

«Қазақстан шетелдік БАҚ көзімен» байқауы шетелдік журналистердің елімізге қызығушылығы артқанын көрсетті

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі