13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Өзбекстан бізге тері шикізатының көзі ретінде қарап отыр – Нұрман Нүптекеев

7 августа, 2024
in Жаңалықтар
0
Өзбекстан бізге тері шикізатының көзі ретінде қарап отыр – Нұрман Нүптекеев
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан-Өзбек іскерлік кеңесі отырысының қорытындысы бойынша тері өңдеу саласында әріптестік орнату туралы келісімге қол қойылған еді.

Қазақстан тері және жүн өңдеушілер қауымдастығының төрағасы Нұрман Нүптекеев Kazinform тілшісіне осы келісімінің астарында қандай уағдаластықтар жатқанын айтты.

«Өткенде Қазақстан мен Өзбекстанның ауыл шаруашылығы вице-министрлерінің кездесуі болды. Сол кездесуге екі елдің ауылшаруашылығы тауар өндірушілерінің өкілдері де қатысты. Қазақстан тері және жүн өңдеушілер қауымдастығының атынан мен де қатыстым.

Бүгінгі іскерлік кеңес отырысында қол қойылған құжаттың жай-жапсары сол кезде нақтыланған. Әзірге ол құжатта нақты бір әрекет, айқын жоба немесе әріптестіктің алгоритмдері көрсетілмеген. Жалпылама мәндегі уағдаластықтар ғана деуге болады. Сол кездесуден түйгенім, өзбек тарапы бізден өңдеуге жарамды теріні шикізат ретінде алып отырғысы келеді. Өңдеуге жарамды тері деген – бұқаның терісі. Ірі қарадан басқа төлдің терісі туралы әңгіме жоқ бұл жерде.

Қазір Қазақстан аумағынан шығатын теріге 200 доллар көлемінде кедендік баж. Өзбекстандық әріптестер сол бажды алып тастасақ, оңтүстік өңірден тері қабылдайтын бекеттер ашуға дайын екендерін айтты», — дейді кәсіпкер.

Тері өңдеушілер қауымдастығының басшысы мұндай сипаттағы әріптестіктің пайдасы туралы күмәні бар.

«Әріптестік орнатып, терезесі тең серіктес болғысы келсе, онда Алматыдағы тері өңдеу зауытына инвестиция салынуы дұрыс болады. Сол жерге бүкіл Қазақстаннан тері жинап, аяқ киім тігіп, жартылай өңделген дайын өнім (Wet Blue) жасалса деген ой бар.
Ал шикі теріні бажсыз өткізіп жіберсек, қысқарып-қысқарып жабылудың аз алдында тұрған 4 зауытты түбегейлі тұралатамыз. Тым құрығанда өңделген тері күйінде жөнелтейік. Ондай өнім дайындауға біздегі зауыттар дайын. Тапсырыс арқылы ресми түрде алып отырады. Ал қазіргі айтып отырған ұсыныстары бізді шикізат беретін «сауын сиыр» ретінде пайдалану ниетіне көбірек ұқсайды. Ресей, Түркия, Қытайдан кейін Өзбекстанға шикізат жеткізуші ел боламыз демесек, әріптестікті тең терезелі деңгейде орнатуымыз қажет», — дейді Нұрман Нүптекеев.

Оның айтуынша, бүгін екі тарап қол қойған келісім Қазақстандағы тері өңдеу мәселесін шешетін құжат болады деп айтуға ерте.

«Әлі де пысықтап, өз мүддемізге сәйкестендірмесек болмайды. Бұл тұрғыда біздің мемлекеттік органдар отандық тері өңдеушілердің ұстанымына құлақ түруі керек. Өзбекстандық қауымдастықтың басшылары жылына 1,5 млн тері өңдейтін зауыт ашқандарын, соған шикізат жетпей тұрғанын айтады. Сол шикізаттан аяқ киім тігіп, Еуропаға сатпақшы. Айтуларынша, қазірдің өзінде-ақ Еуропаға киім жеткізе бастаған. Осы тері өңдейтін жаңа зауыттың кәріз тазарту жүйесін 6 млн долларға салып берген. Ал бізде әзірге несие алудың өзі қиын. Қазір зауыттар тері өңдеп, оны желатинге жіберіп, әупірімдеп күнелтіп отыр», — дейді Нұрман Нүптекеев.

 

Previous Post

Қазақстан мен Өзбекстан серіктестігі қалай дамып жатыр

Next Post

Қазақстан мен Өзбекстан өзара сауда айналымын $10 млрд жеткізуді көздейді

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі