13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қазақстан мен ЕҚЫҰ: сындарлы өзара іс-қимыл және Ұйымды нығайту бағыты расталды

26 июня, 2024
in Жаңалықтар
0
Қазақстан мен ЕҚЫҰ: сындарлы өзара іс-қимыл және Ұйымды нығайту бағыты расталды
Share on FacebookShare on Twitter

  Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Астанаға ресми сапармен келген Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Іс басындағы төрағасы – Мальтаның Сыртқы, еуропалық істер және сауда министрі Иэн Борчпен кездесу өткізді.

Тараптар ЕҚЫҰ кеңістігіндегі және Ұйым ішіндегі ағымдағы ахуалды талқылады, сондай-ақ қатысушы мемлекеттер арасындағы сенімді нығайту және сындарлы диалогты қалпына келтірудің ықтимал жолдары туралы пікір алмасты.

М. Нұртілеу ЕҚЫҰ-ның кеңістігіндегі дағдарыстық жағдайларды шешу үшін негізгі келіссөздер алаңы ретіндегі таптырмастығын атап өтті. Ол Қазақстан ЕҚЫҰ-ны нығайтуға өз үлесін қосуды жалғастыратынына және 1975 жылғы Хельсинки Қорытынды актісі мен 2010 жылғы Астана декларациясы рухында қолданыстағы төрағалықтың күш-жігерін қолдайтынына сендірді.

«Осыдан он төрт жыл бұрын қабылданған Астана декларациясының қағидаттары өз өзектілігін жоғалтпай, жылдан жылға маңыздылығын сақтап келеді. Бүгін де Валлетта Ұйымға төрағалық етіп, осы жауапты міндетті үлкен абыроймен атқаруда», – деп мәлімдеді ҚР СІМ басшысы.

Өз кезегінде И.Борч ЕҚЫҰ-да Мальтаның басымдықтарымен таныстырды, атап айтқанда, төрағалық етудің күш-жігері қауіпсіз және бейбіт болашаққа ұмтылуда ЕҚЫҰ-ның тұрақтылығын нығайтуға бағытталғанын атап өтті.

Сұхбаттастар сондай-ақ халықаралық терроризм мен экстремизмге, есірткі мен қарудың заңсыз айналымына, заңсыз көші-қон мен шекара қауіпсіздігіне қарсы күрес сияқты мәселелер бойынша ынтымақтастықты талқылады. Сондай-ақ, Орталық Азия өңіріндегі көліктік өзара байланысты және экологиялық проблематика бойынша күш-жігерді нығайту мәселелері қозғалды.

Қазақстан мен Ұйым институттарының, оның ішінде Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің елімізде жүйелі реформалар мен орнықты дамуды ілгерілетуге бағытталған бірлескен жобаларды іске асырудағы одан әрі сындарлы өзара іс-қимылы мәселелері жеке қаралды.

Мальтамен екіжақты ынтымақтастық аясында тараптар, сонымен қатар теңіз логистикасы, сауда және туризм сияқты перспективалы бағыттарды белгіледі.

ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы төрағасы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан» құру бағытына қолдау білдіріп, еліміздің өңірлік тұрақтылық пен қауіпсіздікті қолдауға қосқан үлесін жоғары бағалады. Ол ЕҚЫҰ кеңістігіндегі көптеген дағдарыстар аясында белсенді қатысу мен ынтымақтастыққа деген қажеттілік бұрынғыдан да зор екенін атап өтті. Осыған байланысты И.Борч ЕҚЫҰ қауіпсіздіктің барлық үш өлшемі – әскери-саяси, экономикалық-экологиялық және гуманитарлық өлшемдер бойынша елімізбен өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға дайын екенін білдірді.

Келіссөздер қорытындысы бойынша министрлер екіжақты форматта да, өңірлік алаңдарда да тұрақты диалог жүргізу уағдаластығына қол жеткізді.

 

Previous Post

ҚАЗАН ҚАЛАСЫНДА ӨТКЕН ДОДАДА ТҮРКІСТАНДЫҚ ДАРЫН ӨТКЕЛБАЙ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

Next Post

Қытайдың жеті ірі компаниясы Қазақстанға инвестиция салуға мүдделі

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі