13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ҚАЗАН ҚАЛАСЫНДА ӨТКЕН ДОДАДА ТҮРКІСТАНДЫҚ ДАРЫН ӨТКЕЛБАЙ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

26 июня, 2024
in Жаңалықтар
0
ҚАЗАН ҚАЛАСЫНДА ӨТКЕН ДОДАДА ТҮРКІСТАНДЫҚ ДАРЫН ӨТКЕЛБАЙ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

2024 жылдың 21-22 маусым күні Татарстан Республикасының астанасы Қазан қаласында өткен ат үстіндегі күрестен (аударыспақ) әлем чемпионаты аяқталды. Бұл чемпионатқа әлемнің 6 елінен 8 құрама команда қатысты. Атап айтар болсақ, Моңғолия, Татарстан, Өзбекстан, Ресей, Қырғызстан, Башқұртстан, Түрікменстан мен Қазақстаннан барлығы 45-ке жуық спортшы бақ сынады.

Қазақстанның намысын Азамат Серғазин, Шыңғысхан Ержанов, Дарын Өткелбай, Алтай Сүйеубаев, Төлеби Қайыржанов, Арман Сағынбаев қорғады. 60 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Азамат Серғазин, 80 келіде Дарын Өткелбай, 90 келі салмақ дәрежесі бойынша Алтай Сүйеубаев, 100-ден жоғары салмақта Арман Сағынбаев қарсылас шақ келтірмей алтыннан алқа тақты. Ал 70 келіде бақ сынаған Шыңғысхан Ержанов қола жүлде иеленсе, 100 келіде күрескен Төлеби Қайыржановқа күміс жүлде бұйырды.

Осылайша, 8 құраманың арасынан топ жарған Қазақстан спортшылары командалық есепте бірінші орынды иеленді. Екінші орын – Қырғызстан, үшінші орын Татарстанның ұлттық құрамасына бұйырды.

Осындай ғаламат нәтиже тіркеген отандастарымыз арасында Түркістан облысының мақтанышы 80 келіде топ жарған Дарын Өткелбай бар. Әлем чемпионын Түркістан облыстық ұлттық спорт түрлері мектебінің басшысы Болат Қонаев бастаған ұжым мен ата-анасы, туған-туыстары зор қошеметпен қарсы алды. Туған жерге оралған аударыспақ шебері Дарын Өткелбай құрмет көрсеткен барша қауымға алғыс айтып, өз пікірін білдірді.

Айта кетейік, Дарын спортшылар әулиетінде дүниеге келген. Оның әкесі –даңқты шабандоз Ақылбай Мәңкеев. Әкесі ұлын жас кезінде көкпар спортына баулып, шабандоз етіп, шығарғысы келген. Алайда Дарынның ынтасы аударыспақ спортына ауып, бүгінде бірнеше дүркін ел чемпионы атанып, әлемдік додаларда топ жарып жүр.

Туған жерге оралған жерлесіміз Астанада өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына жан-жақты дайындалады.

 

Previous Post

ТҮРКІСТАНДА КОРЕЙЛІК «WOOSONG» УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ФИЛИАЛЫН АШУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛАДЫ

Next Post

Қазақстан мен ЕҚЫҰ: сындарлы өзара іс-қимыл және Ұйымды нығайту бағыты расталды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі