Қазақстан-Қытай шекарасында орналасқан «Қорғас» ынтымақтастық орталығына келушілер саны артта түсті. Бұл Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық өзара іс-қимылдың негізгі нүктесі. Ынтымақтастық орталығына кіріп-шығатын екі елдің саяхатшылары негізінен трансшекаралық туризм және шоппингпен айналысады. Kazinform агенттігінің тілшілері аталған аймақта болып, саудасы қызып жатқан қалашықпен танысып қайтты.
Қытай Халық Республикасымен өзара тиімді сауда-экономикалық қарым-қатынас орнату – Қазақстанның сыртқы экономикалық жалпы даму стратегиясының басты бағыттарының бірі. «Қорғас» халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығының жалпы аумағы – 600 гектар. Оның 185 гектары Қазақстанға, 343 гектары Қытайға тиесілі.
Қазақстан мен Қытай шекарасындағы бақылау бекеті таңғы сағат 07:00-де ашылып, кешкі 18:00-де жабылады. Жақында 24 сағат жұмыс істеуі мүмкін. Кез келген уақытта әрі-бері өтуге еш кедергі жоқ. Бұл «Қорғас» шекарасындағы кешкі базарды дамытады.
«Қазір Қазақстаннан келетін туристер көбейді. Биыл келушілер саны бойынша жаңа рекорд орнаттық. Бір күнде 18 мың адамды қабылдадық. Қазақстан мен Қытай тәулік бойы жұмыс істеуді қолға алмақ. Қазір бұл мәселемен екі өңірдің билігі айналысып жатыр», — дейді «Қорғас» ХШЫО сауда-саттық департаментінің басшысы Ма Ли.
Айтуынша, Қорғас тек сауда орталығы ғана емес, сонымен қатар мәдени-ойын-сауық орталығына айналатынын тілге тиек етті.
«Жақында «Қытай мәдени-орталығында» екі ел өнерпаздарына арналған іс-шара ұйымдастырмақпыз. Келер жылы осы аймақта балаларға арналған «Disneyland» орталығын саламыз», — деді ол.
Бүгінде Қазақстан аумағына бірінші кезекте қонақ үйлер салыну жоспарланған. Содан соң қойма, ірілі-ұсақты зауыттар ашылады.