13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ИНФЕКЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ПАРАЗИТТІК АУРУЛАР БОЙЫНША ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ

18 июля, 2024
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ИНФЕКЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ПАРАЗИТТІК АУРУЛАР БОЙЫНША ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ
Share on FacebookShare on Twitter

 

Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде алты айда атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша кеңейтілген мәжіліс болып өтті. Оған Департаменттің барлық құрылымдық бөлімшелері мен қалалық, аудандық басқармаларының басшылары қатысты.

Мәжіліске Департамент басшысы Нұрбек Нышанов төрағалық етіп, күн тәртібінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету саласындағы өзекті мәселелер, жыл басынан бері атқарылған жұмыс қорытындылары мен алдағы міндеттер, басым бағыттар талқыланды. Бірінші болып инфекциялық, паразиттік және аса қауіпті инфекциялардың эпидемиологиялық ахуалы сөз болды.

Департамент басшысының орынбасары Бахтыораз Елемесов өз баяндамасында бірқатар нозологиялыр бойынша аурушаңдық көрсеткіштерінің төмендегенін, сондай-ақ кей түрлері бойынша өсу тенденциясының байқалғандығын, оның себеп-салдарына тоқталды. Халықты иммундау шараларының іске асырылу барысын мәлімдеді.

Бұдан бөлек, құқықтық қамтамасыз ету мен орындаушылық тәртіптің өзекті мәселелері бойынша Департамент басшысының орынбасары Закридин Әлімқұлов, облыс бойынша білім беру және тәрбиелеу объектілерін бақылау және қадағалау сұрақтары бойынша Департамент басшысының орынбасары Асқар Ысқақов баяндамалар жасады. Сонымен қатар, аумақтық басқармалар тарапынан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына белсенді түрде қатысу бойынша тапсырмалар берілді.

Түркістан облысы бойынша жыл басынан бері халықтың санитариялық-эпидемиялық саламаттылығы саласындағы талаптарға сәйкестігіне тексеру бойынша 213 объекті тексерілген. Бұзушылық анықталған объектілерге жалпы 61 млн аса айыппұл салынды. Ал, облыс бойынша соңғы алты айда COVID-19 6,6 есеге, бруцеллез 2 жағдайға, эхинококкоз 26,6 пайызға төмендесе, оба, дифтерия, полиомиелит, туляремия, тырысқақ, сіреспе, паратиф, сібір жарасы, құтыру сынды инфекциялық және паразиттік аурулары тіркелген жоқ.

Мәжіліс соңында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету мақсатында бірқатар нақты тапсырмалар беріліп, инфекциялық және инфекциялық емес аурулардың алдын алу бойынша іс-шараларды күшейту және сыбайлас-жемқорлық тәуекелдерінің алдын-алу, мемлекеттік қызметшілердің этикасы, нысандарға бармай бақылау мен СЭҚ беруге қатысты жұмыстардың тиісті деңгейде атқарылуы керектігі тапсырылды.

 ҚР ДСМ СЭБК Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы Нышанов Нұрбек Садықбекұлы

 

Previous Post

Қазақстан-Қытай шекарасындағы «Қорғас» ынтымақтастық орталығы 24 сағат жұмыс істеуі мүмкін

Next Post

​"ШЫМКЕНТ СИТИДЕ" КӨШЕЛЕРДІ ЖАРЫҚТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі