Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин Азиялық даму банкінің (АДБ) Қазақстандағы Тұрақты өкілдігінің директоры Утсав Кумармен кездесу өткізді.
Кездесу барысында АДБ-нің ҚР-дағы одан әрі жұмыс істеу перспективаларына және екіжақты ынтымақтастықтың басымдықтарына басты назар аударылды. Атап айтқанда, тараптар ұлттық экономиканың негізгі секторларында бірлескен жобаларды әзірлеу мен іске асыру және 2024 жылы Қазақстанның Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастық бағдарламасына төрағалығына орайластырылған жоғары деңгейдегі іс-шараларды ұйымдастыру мәселелерін талқылады.
А.Рахметуллин АДБ мен 30 жылдық ынтымақтастық Қазақстанның экономикасына қомақты инвестицияларды тартумен елеулі пайда әкелгенін атап өтті. Ол сондай-ақ анағұрлым инклюзивті және орнықты дамуға қол жеткізу үшін іске асырылып жатқан реформаларды қолдауға бағытталған банкпен серіктестік жалғасатынына сенім білдірді.
Өз тарапынан У.Кумар жобаларға шолу жасады. Олардың ішінде Қазақстанның оңтүстік өңірінде электр желісін күшейту, МЖӘ арқылы гидроэнергетиканы дамыту, сондай-ақ қазба отынмен жұмыс істейтін көмір мен басқа да электр станцияларын пайдаланудан шығару немесе жеделдетілген тәртіппен қайта іске қосу үшін жеңілдікті және коммерциялық капиталды пайдалануға бағытталған энергия ауысу тетігін іске асыру. АДБ өкілі банктің қолдауымен әзірленген және жақында Қазақстан тарапымен қабылданған Жылу энергетикасы туралы заңның маңыздылығын ерекше атап өтті. Ол сондай-ақ АДБ өзінің 2023-2027 жылдарға арналған Елдік стратегиясы шеңберінде Қазақстанды қолдауды жалғастыратынына сендірді.
Кездесудің қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықтың негізгі бағыттары бойынша өзара әрекеттесуді жалғастыруға уағдаласты.