13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДА САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ҚЫЗМЕТІНІҢ КӨШПЕЛІ АЛҚА ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

15 июля, 2024
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДА САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ҚЫЗМЕТІНІҢ КӨШПЕЛІ АЛҚА ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДА САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ҚЫЗМЕТІНІҢ КӨШПЕЛІ АЛҚА ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Нұрбек Нышановтың тапсырмасы негізінде департамент басшысының орынбасары Закридин Әлімқұловтың төрағалығымен Ордабасы аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасында көшпелі алқа отырысы өтті.

Жиынға облыстық департамент және Ордабасы аудандық СЭББ қызметкерлері қатысты. Көшпелі алқа отырысында Ордабасы аудандық басқармасының атқарған жұмыстары талқыланып, өзекті мәселелерді шешу жолдары қарастырылды.

Аса қауіпті инфекция және туберкулезді эпидемиологиялық қадағалау, білім беру және тәрбиелеу обьектілерін бақылау, ауруханаішілік инфекцияларды бақылау, коммуналдық обьектілерді бақылау, инфекциялық, паразиттік ауруларды эпидемиологиялық бақылау және ұйымдастыру жұмысы қызметті талдау, құқықтық жұмыстар, өнеркәсіп, радиациялық қауіпті обьектілерді бақылау бөлімдерінің басшылары 6 айда атқарған жұмыстарға талдау жасады.

Депаратмент басшысының орынбасары Закридин Нұрханұлы ағымдағы жұмыстарға қатысты жіберілген кемшіліктер бойынша Ордабасы аудандық СЭББ басшысына ескертулер берді. Сондай-ақ, жиын қорытындысымен өңірдегі санитарлық-эпидемиологиялық, инфекциялық, паразиттік аурулардың алдын алу туралы жұмысты жетілдіруді тапсырды. Сондай-ақ, Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы қызметкерлерге білімдерін үнемі жетілдіріп отыру, жаңашылдыққа ізденіс, мемлекеттік қызмет әдебін сақтау, сыбайлас жемқорлықты болдырмау, халыққа заң шеңберінде сапалы қызмет ету керектігі айтылды.

Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі

ҚР ДСМ СЭБК Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы Нышанов Нұрбек Садықбекұлы

 

 

 

Previous Post

Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан мен Азия даму банкі арасындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды

Next Post

Маңызды уағдаластыққа қол жеткізді

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі