13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түрік компаниялары Қазақстанда көшбасшы инвесторлар қатарында

15 июля, 2024
in Жаңалықтар
0
Түрік компаниялары Қазақстанда көшбасшы инвесторлар қатарында
Share on FacebookShare on Twitter

  Қазақстанның Ыстанбұлдағы Бас консулдығының және «Kazakh Invest» ҰК» АҚ ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Назира Нұрбаева 35 ірі түрік холдингтарымен Қазақстан экономикасының басым секторларына инвестициялар салу мүмкіндіктерін талқылау мақсатында келіссөздер өткізді.

Н.Нұрбаева екіжақты кездесулер барысында түрік инвесторларымен елімізде іске асырылып және пысықталып жатқан жобалардың ағымдағы күйін және проблемалық мәселелерін талқылады.

«Қазақстан мен Түркия арасындағы экономикалық қарым-қатынастардың негізгі локомативі – инвестициялық ынтымақтастық. Қазіргі таңда инвестиция тарту мәселесі ҚР Үкіметі үшін ең маңызды мақсаттардың бірі. Біз түрік серіктестерімізбен инвестициялық ынтымақтастығымызды одан әрі нығайтуға және жаңа нарықтарды бірлесіп игеруге мүдделіміз. Түрік инвестицияларының ерекшелігі экономикамызды диверсификациялауға бағытталған өңдеу өнеркәсібіне бағытталғандығын мақтанышпен айта аламын», – деп мәлімдеді Н.Нұрбаева.

Бауырлас түрік инвесторлары еліміздің инвестициялық әлеуеті мен ҚР Үкіметі тарапынан қабылданған нақты шараларды жоғары бағалап, автомобиль өнеркәсібіндегі компоненттер, машина жасау, құрылыс материалдары, металлургия, химия, агрохимия, агроөнеркәсіп кешені және жеңіл өнеркәсіп салаларына инвестиция салуға ниет білдірді.

Атап айтсақ, «Iskefe Holding» компаниясы Алматы қаласында Орталық Азиядағы тұңғыш халал желатин өндірісіне, «Alarko Holding» Шымкент қаласында 120 га жылыжай құрылысына, «Koyuncu Group» Жамбыл облысында импортты алмастыратын натрий пиросульфиті өндірісіне, «LC Wakiki» Алматы облысында шетелдегі тұңғыш тарату логистикалық орталығы құрылысына, «Gurmak Demiryolu» Алматы облысында темір жол рельстерін бекіту жүйелері өндірісіне, «Esan» (Eczacibasi Holding) Ақтөбе облысында жер қойнауын геологиялық барлауға, ал «Betek Boya» компаниясы лак-бояу материалдары өндірісіне инвестициялар салуда.

 

Previous Post

Түркістанда қытайлық компания 270 миллион долларға 18 қабатты қонақүй салмақ

Next Post

Парламентаралық әріптестік

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі