13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: Венгрия инвесторымен зауыт салу жөнінде келіссөз жүргізілді

15 июля, 2024
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: Венгрия инвесторымен зауыт салу жөнінде келіссөз жүргізілді
Share on FacebookShare on Twitter

Әріптестік орнатуға, жобаларға қолдау көрсетуге дайын әрі жаңа жұмыс орындарын көбейтуге мүдделі екенін жеткізді. Венгрия инвесторымен Түркістан облысында зауыт салу жөнінде келіссөз жүргізілді. Түркістанға Венгрия мемлекетінен делегация келді. Оларды Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды арнайы қабылдап, келіссөз жүргізді. Әріптестік орнатуға, жобаларға қолдау көрсетуге дайын әрі жаңа жұмыс орындарын көбейтуге мүдделі екенін жеткізді. «Тарихи Түркістанға қош келдіңіздер. Алты жыл бұрын Түркістан облысы құрылды. Бұрын Оңтүстік Қазақстан облысы деп аталатын. Түркістан қаласы жаңа облыс орталығы болып бекітіліп, шаһардың жаңа дәуірі басталды. Біздің өңір тұрғындарының 80 пайыздан астамы ауылдарда тұрады. Сондықтан ауыл шаруашылығы саласы – басым бағыттардың бірі. Венгрияның үздік тәжірибелерін айналымға енгізуге, әріптестік орнатуға дайынбыз. Венгрия – біз үшін бауырлар әрі серіктес ел», – деді Дархан Сатыбалды. Венгрияның Алматыдағы бас консулы Саболч Карой Сёке екі мемлекет арасындағы достық және экономикалық байланыс өте жоғары деңгейде екенін айта келе Венгрия инвесторларын Қазақстанға шақыруға, көмек көрсетуге дайын екенін атап өтті. Ал «UBM GROUP» компаниясының бас директоры Хорват Петер жылы қарсы алған өңір басшысына алғысын білдірді. «Біз Түркістан облысы аумағынан заманауи үлгідегі құрама жем зауытын салуды жоспарлап отырмыз. Бұл – ауыл шаруашылығының дамуына серпін береді. Жаңа жұмыс орындары ашылады. Бұдан өзге де жобалар бойынша әріптестік орнатып, талқылауға дайынбыз», – деді Венгрия инвесторы. Айта кетейік, 1996 жылы құрылған «UBM Group» компаниялар желісі – Венгриядағы жетекші жем өндіруші. Жылына 450 мың тонна өнім шығарады. 4 құрама жем зауыты бар, Венгриядағы өсімдік шаруашылығы өнімдерінің ең ірі трейдерлерінің бірі. Астық, майлы дақылдар саудасының айналымы – жылына 1,5 млн тонна. Өнімдерін 15 елге экспорттайды. Алдағы уақытта Венгрия инвесторы Түркістан облысы аумағынан құрама жем зауытының құрылысын бастамақ. Осы бағытта жұмыстар жүргізіледі.

Previous Post

Инвестиция - халыққа үлкен нәсіп

Next Post

Түркістанда қытайлық компания 270 миллион долларға 18 қабатты қонақүй салмақ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі