13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Олжас Бектенов пен ЕО дипмиссияларының басшылары логистикалық ынтымақтастық келешегін талқылады

10 июля, 2024
in Жаңалықтар
0
Олжас Бектенов пен ЕО дипмиссияларының басшылары логистикалық ынтымақтастық келешегін талқылады
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Еуропалық Одақтың ҚР-дағы өкілдігінің елшісі Кестутис Янкаускас пен ЕО елдерінің дипломатиялық миссиялары басшыларының қатысуымен «Қазақстан – Еуроодақ» диалогтық платформасының 15-ші отырысы өтті.

Қазақстанның негізгі серіктестерінің бірі ретінде Еуропалық Одақтың үлесіне тартылған инвестицияның 40%-дан астамы және сыртқы сауданың шамамен 30%-ы тиесілі. Диалог платформасының отырысында сауда-экономикалық, инвестициялық өзара іс-қимылды кеңейту әрі нығайту, көлік және логистика саласындағы жобаларды бірлесіп іске асыру мәселелері қаралды.

Атап айтқанда, Транскаспий халықаралық көлік бағытын (ТХКБ) аса перспективалы бағыттардың бірі ретінде дамыту жоспары талқыланды.

Еуропа мен Азия арасындағы транзиттік хаб ретінде саналатын Қазақстан арқылы тауарлардың 85%-ға жуығы Қытайдан ЕО елдеріне тасымалданады. ТХКБ сауда ағыны үшін барынша ыңғайлы жағдай жасай отырып, бәсекеге аса қабілетті жеткізу мерзімін (12-15 күн) ұсынады.

Кездесуге қатысушылар Орта дәліздің әлеуетін арттыруға қызығушылығын білдірді. «Астана» халықаралық қаржы орталығының базасында «Middle Corridor Multimodal» бірлескен кәсіпорны құрылды. Көлік саласына инвестиция тартудың жаңа перспективаларын ашатын «Global Gateway» еуропалық бастамасының маңызды рөлі де атап өтілді.

«ЕО – Қазақстанның ірі әрі аса маңызды инвестициялық және сауда серіктесі. Біз барлық басым бағыттар бойынша тұрақты жұмыс жүргізіп келеміз. Үкімет елдеріміз арасындағы ынтымақтастықты нығайтудағы үлестеріңіз бен қызығушылықтарыңызды жоғары бағалайды. Біз өзара тиімді серіктестікті арттыруға бағытталған ұсыныстарды әрқашан да қолдаймыз», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

ЕО-ның Қазақстандағы елшісі Кестутис Янкаускас пен Румынияның ҚР-дағы елшісі Мадалина Лупу өз кезегінде Қазақстанда бизнес ахуалды жақсарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға оң баға берді. Сондай-ақ дипломатиялық миссия басшылары ел экономикасының еуропалық бизнес үшін тұрақтылығы мен тартымдылығын атап өтті.

Отырыс қорытындысы бойынша кездесуге қатысушылар стратегиялық әріптестікті жаңа деңгейге шығара отырып, сауда-экономикалық қатынастарды дамыту мен нығайту ниетін растады.

Анықтама: ҚР-ның ЕО елдерімен тауар айналымы 2019-2023 жылдары 36,2%-ға өсіп, $41,4 млрд құрады. Экспорт 5 жылда $24,2 млрд-тан $31 млрд-қа дейін 28,2%-ға өсті. Импорт 67,6%-ға өсті және 2023 жылы $10,4 млрд-ты құрады. 2024 жылдың қаңтар-мамыр айларында $19,9 млрд құрады, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,8%-ға артық. Өткен жылы ЕО елдері республика экономикасына $10,4 млрд, 2024 жылдың І тоқсанында $2,8 млрд құйды. Негізгі үлесі Нидерланды, Бельгия, Франция, Германия, Италия, Кипр және Люксембургке тиесілі.

 

Previous Post

Түркістан облысы мен Хубэй өлкесі арасында меморандумға қол қойылды

Next Post

Тағамдық токсикалық инфекциялардың алдын алу

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі