13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

#ӘйтеновКет. Шымкентте қоғам белсенділері қала әкімінің іс-әрекетіне жаппай наразылық танытуда

20 января, 2021
in Қоғам
0
#ӘйтеновКет. Шымкентте қоғам белсенділері қала әкімінің іс-әрекетіне жаппай наразылық танытуда
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте ипподромды сырып тастап, орнына BI GROUP компаниясының инвестициясы есебінен заманауи тұрғын үй кешенін салу мәселесі қоғам белсенділері мен журналистер арасында қызу талқылануда. Олардың бір бөлігі қоғам қайраткері А.Асқаровтың ұрпақтың игілігі үшін қалдырған «аманатына» қиянат жасамайық десе, өзгелері ипподромның орнына жасыл желекке оранған демалыс аймағын салу қажет екендігін айтуда. Бірақ қоғам белсенділерінің дерлік барлығы ипподромның жеріне тұрғын үй кешенін салуға түбегейлі қарсы. Оның үстіне санаулы ғана журналистерді шақырып қоғамдық тыңдау өткізген Шымкент қаласы әкімдігінің іс-әрекеті қоғам белсенділерінің наразылығын одан әрі үдете түсті. Нәтижесінде әлеуметтік желіде #ӘйтеновКет хештегімен жарияланған жазбалардың саны арта бастады. Осындай хештегпен әлеуметтік желі белсендісі Данияр Алан жеке парақшасында «Ипподром жыры туралы» деген тақырыпта жазба қалдырып, «SAVE SHYMKENT» жазуын ұстап тұрған фотосын жариялаған. Қоғам белсендісі әкімдіктің іс-әрекетіне наразылығын осылайша білдірген. Әлеуметтік желі белсендісі Мақсат Елібай да  #ӘйтеновКет хештегімен «Енді осыны көрер көз, естір құлақ болса» деген тақырыпта жазба қалдырып, қаланың экологиясына алаңдайтынын жеткізген.

#ӘйтеновКет хештегімен жазба қалдырғандардың тағы бірі талантты фотограф Әйгерім Бегімбет. Табиғат жанашыры ол жердің демалыс орнына айналғанын қалайды.

-Ипподромның орны Биайға сатылып, көпқабатты үй салуына қарсымын. Ол жер адамдар бос уақытында барып тынығып, демалатын көрікті демалыс орнына айналғанын қалаймын, – дейді ол.

Ал әлеуметтік желі белсендісі Ғалымжан Оразымбет #ӘйтеновКет хештегімен ипподромның орнына тұрғын үй салудың тиімсіз екендігін нақты аргументтермен дәлелдеп, жазба қалдырған. Сондай-ақ ол өз наразылығын туған қалаға деген патриоттық сезімнің арқасында білдіріп жатқандығын мәлімдеген.

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қоғам белсенділері және журналистермен кездесіп, осы мәселеге қатысты қоғамдық талқылау өткізуі керек болатын. Алайда ол іс-шара қашан өткізілетіні әзірге белгісіз. Ал әлеуметтік желіде #ӘйтеновКет хештегімен жарияланып жатқан жазбалар саны арта түсуде. Егер Шымкент қаласының әкімі бұл мәселеге немқұрайлы қарай беретін болса, #ӘйтеновКет хештегі республикада  танымалдылыққа ие болуы әбден мүмкін!

Фото мен пікірлер фейсбук әлеуметтік желісінен алынды.

Tags: #ӘйтеновКет13kz13kz.kz13кзипподромМұрат Әйтенов
Previous Post

Жетісайлық диқандар қырыққабат егуді бастады

Next Post

«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі