13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Жетісайлық диқандар қырыққабат егуді бастады

20 января, 2021
in Жаңалықтар
0
Жетісайлық диқандар қырыққабат егуді бастады
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы Жетісай ауданының диқандары егістік алқаптарындағы жұмыстарын бастап кетті. Егін егуді ерте бастаған Атамекен, Ералиев ауыл округтерінің диқандары қазірдің өзінде жалпы 12 гектар жерге қырыққабат отырғызып үлгерген.

«Ұлман ата» шаруа қожалығының төрағасы Бақыт Қорғанбаев қырыққабат көшетін егуді желтоқсан айында бастап кеткен.

«Біздің аудан ерте көктем шығатын аймаққа жатады. Жылда ауа райының осындай қолайлылығын тиімді пайдаланып, егістік жұмыстарын ерте бастауға қамданамыз. Қазіргі таңда 2 гектар аумаққа қырыққабат отырғыздық. Өткен жылы осы жерден 70 тонна өнім алғанбыз, биыл 100 тоннаға жеткізуді жоспарлап отырмыз», – деді қожалық иесі.

Ал, Ералиев ауылдық округінің диқаны Нұрбол Әметов қырыққабатты тамшылатып суғару технологиясымен егуді биыл да қолға алып отыр. Ол бұл әдіс өнім көлемін 2 есеге арттыратынын айтады. Диқандар негізінен қырыққабаттың 65 күнде пісетін «Заказ» және «Валикор» сорттарын егіп жатыр.

Айта кетейік, жалпы ауданда биыл 78 500 гектар аумаққа егіс егіледі жоспарланып отыр. Соның 1000 гектары ерте пісетін қырыққабатқа арналған. Өткен жылы 1007 гектарға қырыққабат егіліп, одан 36 мың тонна өнім жиналған.

Previous Post

Түркістанда ауқымды жобаның пайдалануға берілетін уақыты белгілі болды

Next Post

#ӘйтеновКет. Шымкентте қоғам белсенділері қала әкімінің іс-әрекетіне жаппай наразылық танытуда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі