13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«Шанхай ондығы»: Кеңістік кеңейе түсті

5 июля, 2024
in Жаңалықтар
0
«Шанхай ондығы»: Кеңістік кеңейе түсті
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Тәуелсіздік сарайында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысы өтті. Іс-шара басталарда делегация басшылары Беларусь Республикасын Ұйым құрамына қабылдау және оған ШЫҰ-ға мүше мемлекет мәртебесін беру туралы шешімге қол қойды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңе­сі­нің отырысында сөз сөйлеп, бүгін­де Шан­­хай ын­ты­мақтастық ұйымы дос­тық, тату кө­рші­лік, теңқұқықтық және өз­ара қол­дау­дың, яғни «шанхай рухы» негізінде жұ­мыс іс­тейтін мемлекетара­лық қа­тынас­­тар­дың тиімді тетігіне айналғанын атап өтті.
– ШЫҰ кеңістігінде 3 миллиардтан аса адам тұрады. Ұйымға экономикасы аса ірі және жылдам дамып келе жатқан мемлекеттер кіреді. Әлемдік ішкі жалпы өнімнің үштен бірі осы елдерге тиесілі. Бұл біздің Ұйымның орасан зор әлеуеті мен жаһандық рөлін айқын көрсетеді. Мүше мемлекеттердің даусы мен мүдделері тең дәрежеде ескерілетін Шанхай ынтымақтастық ұйымы өзін бірегей алаң ретінде көрсетті. Дәл осындай мызғымас демократиялық негізге сүйенген ұзақмерзімді ынтымақтастығымыз жаңа мазмұнмен толыға түсетініне сенімдімін, – деді Мемлекет басшысы.

Бұдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Ұйымға төрағалығы аясын­да атқарылған жұмыстардың қорытындысы жөнінде баяндады.

Президент ШЫҰ-ға мүше мем­­­ле­кеттердің белсенді қолдауының нәти­­же­сінде Қазақстанның ұйымға төраға­лығы кезінде түрлі деңгейде 150-ге жуық іс-ша­ра, соның ішінде цифрлық даму, ту­ризм, энер­гетика, бизнес салаларында фо­рум­дар және ШЫҰ жастар кеңесі өткенін мәлімдеді.

– Ұйымның Шарттық базасы 60 жаңа құжатпен толықтырылды. Атап айт­қанда, Есірткіге қарсы стратегия, Эконо­микалық ынтымақтастық стратегия­сын іске асыру жоспары, Қоршаған орта­ны қорғау саласындағы келісім, Энер­гети­калық ынтымақтастықты дамыту стра­тегиясы және басқа да құжаттар. ШЫҰ серіктестері саналатын халықаралық ұйымдардың қатары көбейді. Инвестициялар жөнін­дегі арнайы жұмыс тобының қызметі қайта жанданды. Ұлттық валютамен есеп айырысуға көшу үдерісі қарқынды дами бастады, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев осы шара­лар­дың нәтижесінде ШЫҰ кеңісті­гін­дегі сауда-экономикалық ынтымақ­тас­тық қарқынды дамып келе жатқаны­на тоқ­талды. Сондай-ақ Қазақ­стан төр­аға­лығы кезінде мәдени-гумани­тарлық бай­ланыстарды нығайтуға ерекше назар аударылғанын айтты.

– «ШЫҰ форматын» барынша тартымды ететін бірқатар маңызды жоба іске қосылды. Олардың қатарында «ШЫҰ елдерінің рухани киелі орындары» жобасы мен «ШЫҰ Жібек жолы» бірінші халықаралық музыка фестивалі бар. Сондай-ақ бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін 10 туристік аумақ анықталды. Алматы қаласы ШЫҰ-ның мәдени және туристік астанасына айналды, – деді Мемлекет басшысы.

Әскери саладағы сенім шаралары

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан ШЫҰ төрағасы ретінде алдыңғы саммитте айтылған барлық мақсат-міндетті толығымен орындады. Сондай-ақ Президент еліміздің бастамаларын жүзеге асыруға қолдау көрсетіп, белсенді атсалысқаны үшін барлық мемлекетке шынайы ризашылығын білдірді.

Мемлекет басшысы «Шанхай ондығы­на» кіретін елдер үшін стратегиялық маңызы бар басты бағыттарға тоқталды.

Президент қауіпсіздік саласындағы өзара сенім мен ынтымақтастықты нығайтуды бірінші маңызды бағыт ретінде атады.

– Қазіргі күрделі ахуал – негізінен халық­аралық қатынастар жүйесіндегі дағ­­да­рыс салдары. Осы ретте халық­ара­лық құқықтың кемшін тұстарын түзеп, геосаяси тұрғыдан жікке бөлінуге жол бермеу мақсатымен, түптеп келгенде, жаһандық ауқымдағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту үшін ШЫҰ өзінің тұрақтандырушы және жасампаздық рөлін күшейтуі қажет, – деді Президент.

Мемлекет басшысының айтуынша, Шанхай ынтымақтастық ұйымы бүкіл Еуразия құрлығындағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге кепіл болатындай айрықша мүмкіндіктерге ие. Ұйымға мүше мемлекеттерге «Әділ әлем, келісім және даму жолындағы жаһандық бірлік туралы» ШЫҰ бастамасын жүзеге асыру дәл осы мақсатпен ұсынылды.

Сонымен қатар Президент Әскери саладағы сенім шаралары туралы келісімді әзірлеп, қабылдайтын уақыт келгенін айтты. Бұл ретте «Үш зұлым күшпен» күрес мәселесі әрдайым жіті назарда болуға тиіс.

Қасым-Жомарт Тоқаев киберқауіп­сіздікті күшейту Ұйымға мүше елдерге ортақ тағы бір маңызды міндет екеніне назар аударды. Сонымен қатар ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердегі ақпараттық инфрақұрылымның тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін ұдайы ақпарат алмасуға, үздік тәсілдер мен озық тәжірибелерді қолдануға бағытталған арнайы механизм әзірлеуді ұсынды.

Қазақстан Президентінің пікірінше, бүгін халықаралық ақпараттық қауіпсіз­дікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша қабылданатын Өзара іс-қимыл жос­пары аталған мақсаттарға сай келеді.

 

Previous Post

«Шанхай ондығы»: Сауда байланысы артады

Next Post

Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті - әлем үшін өте маңызды оқиға

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі