13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«Шанхай ондығы»: Сауда байланысы артады

5 июля, 2024
in Жаңалықтар
0
«Шанхай ондығы»: Сауда байланысы артады
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Президент сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту ынтымақтастықтың басым бағыттарының бірі екеніне назар аударды.

– Әлемдік экономикада жағымсыз үрдістер белең ала бастады. Дүниежүзілік банк­тің мәліметі бойынша биыл жаһан­дық экономиканың өсім қарқыны бәсең­дейді. Әлем экономикасының өсіміне серпін беретін жаңа бағыт және мүлде басқа даму парадигмасы қажет екені анық. Сондықтан біздің ойымызша, сауда-экономикалық кооперацияны кеңейту, капитал мен технологияның еркін қозғалысына жағдай жасау, климаттың сын-қатерлерімен күресу – Шанхай ұйымының маңызды міндеттері. Өзара сауда-саттықтың артуы ШЫҰ кеңістігі үшін ортақ үрдіске айналып келеді. Мәселен, Қазақстанның ШЫҰ елдерімен сауда көлемі өткен жылдың қорытындысы бойынша 6,5 пайызға өсті. ШЫҰ-ға мүше елдердің технология­лық базасы үлкен және экономика­ның барлық маңызды секторын дамыту үшін орасан зор нарығы бар. Арна­йы салық, кеден және көші-қон режімдерінің әзірленуі аталған бағытта ілгерілеуге айтарлықтай септігін тигізеді. Осы ретте ШЫҰ аясында Экономикалық жеңілд­іктер базасын құру туралы Қазақ­станның ұсынысы өзекті болып қала береді. Инвестициялық жобаларды талқылап, бекіту үшін бірыңғай алаң құру қажеттігі айқындала түсті. «Астана» халықаралық қаржы орталығының базасында Жобалық қызметті қаржымен қамтамасыз ету механизмін құруды ұсынамыз. Қытай, Ресей, Үндістан, Өзбекстан, Қырғызстан қазірдің өзінде аталған алаңда белсенді жұмыс істеп жатыр. Жалпы, АХҚО резиденттерінің 20 пайызы – ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің компаниялары, – деді Президент.

Мемлекет басшысы тиімді дәліздер мен сенімді тасымал тізбектерін құру арқылы көлік байланыстарын нығайту­ды ынтымақтастықтың келесі бағыты ретінде атады.

– Біз Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» мегажобасын, Транскаспий ха­лық­аралық көлік бағдарын және «Солтүс­тік – Оңтүстік», «Орталық Азия – Оңтүс­тік Азия» бағыттары бойынша транс­еура­зиялық дәлізді одан әрі бірлесе дамы­туға баса мән береміз. Бұл жоспарларды жүзеге асыру үшін ШЫҰ аясында Стратегиялық порттар мен логистикалық орталықтардың серіктестік желісін құру жөнінде нақты шаралар қабылдау маңызды, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Шанхай ынтымақтастық ұйымын реформалау және жаңғырту қажеттігіне арнайы тоқталды.

– Қарқынды жаһандық өзгерістерге байланысты біздің алдымызда ШЫҰ қызметін одан әрі жетілдіруге бағытталған маңызды міндет тұр. Ұйым аясының кеңею үдерісі жаңа мүмкіндіктерге жол ашып, оны дамытуға тың серпін береді. Еліміз ШЫҰ-ға төраға ретінде Ұйымды ынтымақтастықтың бұдан да тиімді әрі көпжақты механизміне айналдыруды көздейтін теңгерімді ұсыныстарын ортаға салды. Атап айтқанда, біз ШЫҰ Хатшылығы мен Бас хатшының рөлін күшейтуді құптаймыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстан Президенті айтылған барлық ұсыныс ШЫҰ-ға мүше елдерге ортақ игі мақсаттарға қол жеткізуге барынша үлес қосуға деген шынайы ниеттен туындағанын атап өтті.

Мемлекет басшысы сөзінің соңында қол­дағандары үшін Ұйымға мүше ел­дердің басшыларына ризашылығын біл­дірді. Сонымен қатар Қытай Халық Рес­пуб­ликасының Төрағасы Си Цзинь­пин­ді ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының кеңесіне төраға болуымен шын жүректен құттықтап, Қытай тарапына табыс тіледі.

Сонымен қатар саммит барысында Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Иран Президентінің міндетін атқарушы Мұхаммед Мохбер, Қытай Төрағасы Си Цзиньпин, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шариф, Ресей Президенті Владимир Путин, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Үндістан Сыртқы істер министрі Субраманьям Джайшанкар, ШЫҰ Бас хатшысы Чжан Мин, ШЫҰ Аймақтық терроризмге қарсы құрылымы Атқарушы комитетінің директоры Руслан Мирзаев сөз сөйледі.

25 құжатқа қол қойылды

Қасым-Жомарт Тоқаев отырысты қоры­тындылай келе, көпжақты ынты­мақ­тастықты ілгерілету жөніндегі ауқым­ды мәселелер талқыланғанын, Ұйымды одан әрі дамыту бағыты айқындалғанын атап өтті.

– Біз Шанхай ынтымақтастық ұйы­мының келешегінен үміт күтеміз. Қазір біз қол қоятын құжаттар ШЫҰ аясындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңіне жол ашатынына, Ұйымның жүйелі әрі жан-жақты дамуына септігін тигізетініне сенімдімін, – деді Қазақстан Президенті.

Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысы барысында 25 құжатқа қол қойылды. Атап айтқанда:

  1. Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің Астана декларациясы;
    2. «Әділ әлем, келісім және даму жолындағы жаһандық бірлік туралы» Шанхай ынтымақтастық ұйымының бастамасын бекіту жөніндегі Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің шешімі;
    3. Шанхай ынтымақтастық ұйымының 2035 жылға дейінгі даму стратегиясының жобасы туралы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің шешімі;
    4. Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлерінің Шанхай ынтымақтастық ұйымының қызметін жетілдіруге қатысты ұсыныстары туралы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің шешімі;
    5. Беларусь Республикасын Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүшелікке қабылдау рәсімінің аяқталуы және оған Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекет мәртебесін беру туралы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің шешімі;
    6. Беларусь Республикасына Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекет мәртебесі берілуіне байланысты Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің үлестік жарнасы туралы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің шешімі;
    7. Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге қарсы іс-қимыл бойынша 2025–2027 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасын бекіту туралы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің шешімі;
    8. Шанхай ынтымақтастық ұйымының 2024–2029 жылдарға арналған Ескірткіге қарсы стратегиясын және оны жүзеге асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын бекіту туралы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің шешімі;
    9. Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің энергетика сала­сындағы ынтымақтастығын дамытуға қатысты 2030 жылға дейінгі стратегияны бекіту туралы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің шешімі;
    10. Шанхай ынтымақтастық ұйымы­ның 2030 жылға дейінгі экономика­лық стратегиясын жүзеге асыру жөнін­дегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің шешімі;
    11. Шанхай ынтымақтастық ұйымы­на мүше мемлекеттердің Инвесторлар қауым­дастығы туралы Шанхай ынты­мақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің шешімі;
    12. Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің қорғалатын аумақтар (ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қорғалатын табиғи аумақтар) және экологиялық туризм саласындағы ынтымақтастығын дамыту жөніндегі бағдарламасын бекіту туралы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің шешімі;
    13. Қытай Халық Республикасы­ның Циндао қаласын Шанхай ынтыма­қ­тас­тық ұйымының 2024–2025 жыл­дар­дағы туристік және мәдени астанасы ретінде жариялау туралы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің шешімі;
    14. Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер мен Шанхай ынты­мақтастық ұйымы аясындағы диалог серіктестері арасындағы Ықпал­дастық­ты нығайту жөніндегі жол картасын бекіту туралы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің шешімі;
    15. Шанхай ынтымақтастық ұйымы­ның жобалық қызметін қаржылық қолдау тетіктері туралы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің шешімі;
    16. Шанхай ынтымақтастық ұйы-мының Хатшылығы мен Есірткі, психотропты заттар және прекурсорлардың заңсыз айналымымен күрес жөніндегі Орталық Азияның өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығы арасындағы өзара түсіністік меморандумына қол қою туралы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің шешімі;
    17. Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің халықаралық ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзара іс-қи­мыл жоспарын бекіту туралы Шанхай ынты­мақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің шешімі;
    18. Шанхай ынтымақтастық ұйымы­ның Бас хатшысы туралы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің шешімі;
    19. Шанхай ынтымақтастық ұйы­мы­ның Өңірлік терроризмге қарсы құрылымы Атқарушы комитетінің директоры туралы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің шешімі;
    20. Шанхай ынтымақтастық ұйы­мы­ның былтыр атқарған қызметі жайындағы Шанхай ынтымақтастық ұйымы Бас хатшысының баяндамасы туралы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің шешімі;
    21. Шанхай ынтымақтастық ұйымы Өңірлік терроризмге қарсы құры­лымының 2023 жылы атқарған қызметіне қатыс­ты Шанхай ынтымақтастық ұйы­мы Өңірлік терроризмге қарсы кеңесі­нің баяндамасы туралы Шанхай ынтымақ­тастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің шешімі;
    22. Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің тату көршілік, сенім және ынтымақтастық қағидаттары туралы мәлімдемесі;
    23. Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің ауызсу қауіпсіздігін және санитарияны қамтамасыз ету туралы мәлімдемесі;
    24. Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің қалдықтарды тиімді басқару туралы мәлімдемесі;
    25. Шанхай ынтымақтастық ұйы­мы­на мүше мемлекеттер үкіметтері арасындағы қоршаған ортаны қорғау саласы бойынша ынтымақтастық туралы келісім.

 

Previous Post

Ұйымның экономикалық әлеуеті зор

Next Post

«Шанхай ондығы»: Кеңістік кеңейе түсті

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі