13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Денсаулық

Коронавирусқа қарсы екпе жұмыстары 1 ақпаннан басталады

19 января, 2021
in Денсаулық
0
Коронавирусқа қарсы екпе жұмыстары 1 ақпаннан басталады
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында пандемияның ықтимал екінші толқынында аурудың таралуын болдырмау мақсатында тиісті шаралар қолға алынуда. Осыған байланысты аймақта 1 ақпаннан бастап, коронавирусқа қарсы екпе жұмыстары жүргізілмек. Ақысыз түрде жүргізілетін вакцина — медицина қызметкерлерінен бастап салынатын болады. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимов мәлімдеді.

«Қазіргі таңда облыс бойынша 610 инфекциялық және 340 карантиндік төсек-орын ұйымдастырылған. Бүгінде инфекциялық төсек-орындар санының жүктемесі — 23,6%, карантиндік төсек-орынның жүктемесі — 13%-ды құрап отыр. Қажет болған жағдайда инфекциялық төсек-орындар санын 5 610-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік бар. Сонымен қатар, 12 бірлік жылжымалы медициналық кешен жиынтығы сатып алынып, аудандарды қамтамасыз ету көрсеткіші 100 пайызды құрады. Жедел-жәрдем қызметіне 122 автокөлік сатып алу жоспарланып, 77 автокөлік жеткізілді. Бұл автокөліктер жедел-жәрдем қызметі паркін 96%-ға жаңартуға мүмкіндік береді», – деді М.Пашимов.

Өз кезегінде облыстық бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Н.Нышанов ҚР ДСМ-нің эпидемиологиялық ахуалды бағалау көрсеткіштері бойынша Түркістан облысы «жасыл аймаққа» енгізілгенін айтты. Сондай-ақ, бүгінгі таңда облыс бойынша 2021 жылдың 1 қаңтар мен 19 қаңтар аралығында  COVID-19  расталған 231-жағдай тіркеліп, 100 мың халыққа шаққандағы интенсивтік көрсеткіш 11,4 құрағанын жеткізді.

 

Tags: 13kz13kz.kz13кзКоронавирус
Previous Post

Әсет Ерғалиев Ұлттық экономика министрі болып тағайындалды

Next Post

«Құдалықтың дастарханын жайыпты». Мейрамханада қоғамдық тыңдау өткізген Шымкент қаласының әкімдігі сынның астында қалды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі