13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте көлік саласы қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

2 августа, 2024
in Жаңалықтар
0
Шымкентте көлік саласы қызметкерлеріне құрмет көрсетілді
Share on FacebookShare on Twitter

Ресми мәртебеге ие мереке Президент Жарлығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының кәсіби мерекелерінің тізбесіне кіреді. Бүгін мереке қарсаңында Көрме орталығында қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының ұйымдастырумен салтанатты іс-шара өтті. Қаланың логистикасын дамыту тұрғындар үшін ғана емес, өңір экономикасын өркендету үшін де маңызды. Сондықтан жолаушыларды тасымалдайтын қызметкерлердің еңбегі қашан да елеулі. «Көлік қызметкерлері күні» тамыздың бірінші жексенбісінде аталып өтеді. Ресми мәртебеге ие мереке Президент Жарлығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының кәсіби мерекелерінің тізбесіне кіреді. Жиынға арнайы қатысқан Шымкент қаласы әкімінің міндетін атқарушы Айдын Кәрімов көлік саласы қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап, ел экономикасына еңбек етіп жүрген азаматтарға алғысын білдірді. – Қазіргі таңда қоғамдық көліктердің қызметін жақсарту, жүргізушілердің мәдениетін көтеру мен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету басым бағыттар болып саналады. Сондай-ақ, жолаушылар көлігін жаңарту ісі жанданып келеді. Өздеріңізге белгілі, 2020 жылы қалалық мәслихатпен жолаушылар көлігін дамытудың кешенді схемасы бекітілді. Схемаға сәйкес, 77 маршрутты құрайтын жаңа маршруттық желісі әзірленді. Маршруттық желімен 6 ХАБ, 33 жеткізуші, 39 магистралды және 6 айналма маршруты қаралған, — деді Айдын Мейрамбекұлы. Шарада Көлік министрі Марат Қарабаевтың құттықтау хаты оқылып, бірнеше марапаттар арнайы табысталды. Бір топ тәжірибелі маман «Құрметті автокөлікші» төсбелгісімен, «Үздік автокөлікші» төсбелгісімен, Құрмет грамотасы және Алғыс хаттармен марапатталды. Бірқатары қала әкімі мен басқарма басшысының да Алғыс хаттарымен марапатталды. Бұл бағыттағы қыруар жұмыстардың нәтижесінде соңғы жылдары мегаполисте бірнеше қоғамдық көлік бағыттары жаңартылуда. Маршруттар толығымен қызмет көрсетуде, шет аймақтарда орналасқан барлық шағын аудандар мен тұрғын алаптарға қоғамдық көліктер қатынайды.

Previous Post

Көкжөтел

Next Post

Кәсіпкерлер палатасында Шымкенттегі туризм мәселелері талқыланды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі