13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Денсаулық

Көкжөтел

2 августа, 2024
in Денсаулық
0
Көкжөтел
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
Көкжетел — азапты жөтелдің туындауымен және жоғарғы тыныс жолдарының шырышты қабаттарының зақымдануымен сипатталатын өткір жұқпалы ауру. Көкжөтелдің бактериясы Bordetella pertussis ағзаға ауа тамшысы арқылы еніп, кеңірдек пен бронхтар аймағында көбейеді. Патогендік микроорганизмдермен бөлінетін токсин, ағзада ұстамалы булықпа жөтел мен қабыну реакциясын тудырады. Ауру ілгерілеген сайын мидың тыныс орталығына ықпал етіп, нәтижесінде күлу, ауырсыну, сөйлесу кезінде жөтел ұлғая түседі.
Көкжөтел мектеп жасына дейінгі балалар арасында жиі тіркеледі, алайда ересек пациенттер арасында да жұқтыру аурулары туындауы мүмкін. Науқас патологияның алғашқы симптомдары пайда болғаннан бастап, 25-30 күн ішінде басқаларды да жұқтырып жүре береді. Екпеден соң жұқтырылған Bordetella pertussis науқастарда өткір ауру белгілері байқалмайды.
Көкжөтелдің белгілері: Жұқпаның инкубациялық кезеңі бірнеше күннен екі аптаға дейін созылуы мүмкін. Аурудың бірінші кезеңі құрғақ жөтелмен, мұрынның қабынуымен және дене температурасының аздап көтерілуімен сипатталады. Бірнеше күннен соң пациентте ұстамалы азапты жөтел пайда болып, толық айықпайынша жүре береді.
Басқа да симптомдары мен белгілері:
— Тыныс алу кезінде ысқырықты дыбыстың шығуы
— Кеудедегі жағымсыз сезім
— Тамақтың тітіркенуі
— Жөтел кезінде ауа жетіспеушілік сезімі
— Түн мезгіліне қарай жөтелдің ұлғаюы
— Әлсіздік пен шаршау
— Мазасыздық
— Тәбеттің төмендеуі
— Қысқа уақытқа демінің ұсталынып тұруы (кішкентай балаларда)
Ауруды емдеумен инфекционист дәрігерлері мен пульманологтар айналысады. Көкжөтел жалпы қалпына келтіру және дәрілік терапия қолдану арқылы емделеді. Егу маңызды, егуді ұлттық егу күнтізбегіне сай қайталап алу керек.

Нышанов Нұрбек Садықбекұлы

ҚР ДСМ СЭБК Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы

 

Previous Post

Кәсіпкерлер палатасында Шымкенттегі туризм мәселелері талқыланды

Next Post

Шымкентте көлік саласы қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі