13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БІРІНШІ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ШЫМКЕНТКЕ ІССАПАРМЕН КЕЛДІ

21 августа, 2024
in Жаңалықтар
0
ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БІРІНШІ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ШЫМКЕНТКЕ ІССАПАРМЕН КЕЛДІ
Share on FacebookShare on Twitter

Тимур Сұлтанғазиев денсаулық сақтау ұйымдарының қаржылық тұрақтылығын нығайту, кадр тапшылығын азайту үшін қосымша ынталандыру шараларын енгізу туралы айтты. Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының базасында ҚР денсаулық сақтау бірінші вице-министрі шымкенттік тұрғындармен кездесу өткізді. Кездесу барысында бірінші вице-министр денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелер мен жаңалықтар жөнінде баяндады. Тимур Сұлтанғазиев кездесу барысында медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін арттыру, дәрігерлердің қоғамдағы мәртебесін жоғарылату, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді жақсарту және кадр саясатын жетілдіру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды атап өтті. Қазіргі таңда денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту мақсатында бірқатар нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізілген. Вице-министр Қазақстанда наурыз айынан бастап іске қосылған «Бір күндік клиника» жобасының Шымкент қаласындағы перинаталдық орталықта іске асырылып жатқанын мәлімдеді. Жаңа жүйе жүкті әйелдерге ультрадыбыстық зерттеулерді бір күнде және бір жерде өткізуге мүмкіндік береді. Бұл жоба медициналық қызмет көрсету процесін жеңілдетуге және тиімділігін арттыруға бағытталған. Сондай-ақ, Тимур Сұлтанғазиев денсаулық сақтау ұйымдарының қаржылық тұрақтылығын нығайту, кадр тапшылығын азайту үшін қосымша ынталандыру шараларын енгізу туралы айтты. Жиын барысында қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбеков жыл басынан бері және осы кезеңге дейінгі цифрландыру бағытындағы оң өзгерістер мен жұмыстарды баяндады. Кездесуден кейін бірінші вице-министр жергілікті БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз брифингін өткізіп, МӘМС жүйесін жақсарту, емханаларды медициналық техникамен жабдықтау, кезектер санын азайту сынды мәселелер бойынша сауалдарға жауап берді. Сонымен қатар, азаматтарды жеке қабылдап, олардың денсаулық сақтау саласындағы мәселелерін тыңдады.

Previous Post

Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Moody’s рейтинг агенттігінің сарапшыларымен кездесті

Next Post

5-ШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНДАРЫ: Шымкентте сайыс ұйымдастырылды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі