13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

​«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: Әрбір азамат жауапкершілікті сезінсе, түпкі мақсатқа жетеріміз анық

22 августа, 2024
in Жаңалықтар
0
​«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: Әрбір азамат жауапкершілікті сезінсе, түпкі мақсатқа жетеріміз анық
16
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Шымкент қаласы Абай ауданына қарасты Жайлау шағын ауданында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында тазалық іс-шарасы өтті. «Таза көше» деп аталатын іс-шара барысында аудан тұрғындары, белсенді жастар мен «Жасыл ел» жасақтарының мүшелері шағын аудандағы қараусыз қалған гүлзар мен оған іргелес аумақтарды және көше бойларын ретке келтіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шарада көше бойлары тазаланып, қоқыстар шығарылды, қураған ағаштар кесіліп, қоршаулар мен орындықтар сырланды. Шымкент қаласы әкімдігінің қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы ұйымдастырған бұл шараның мақсаты – тұрғындарды қоршаған ортаға қатысты өзекті мәселелерді шешуге атсалысуға ынталандыр және халықтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру. «Бүгін сүйікті қаламыз Шымкенттің тазалығын сақтауға азғантай да болса үлес қосқанымызға қуаныштымыз. Егер әрбір азамат қоршаған ортаға жанашырлықпен қарап, жауапкершілікті сезіне білсе, Президентіміздің бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» бағдарламасы ойдағыдай жүзеге асып, түпкі мақсатына жететініне сенеміз», — дейді қала тұрғыны, әділ билер кеңесінің төрайымы Орынша Тәжібаева. Еске салсақ, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев облыстар мен қалалардың әкімдеріне аумақтарды абаттандыру, көгалдандыру жөнінде бірқатар тапсырма берді. Оның ішінде cу тасқынына ұшырамаған облыстар мен қалалардың әкімдеріне көшелерді тазарту, көгалдандыру және елді мекендердің аумақтарын абаттандыру науқанын бастауды тапсырды. Сонымен қатар жолдарды ретке келтіру міндеті жүктелді. Осыған орай елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталған болатын. «Елімізді абаттандыру және көгалдандыру – үлкен мемлекеттік маңызы бар іс. Бұл бір реттік науқан емес, жалпыұлттық міндет. Мұндай жұмыс үнемі жүргізілуі керек. Біз Қазақстанға қамқорлық жасауымыз керек-бұл өмір салтына айналуы тиіс. Бүкіл Қазақстан таза болуы керек, бұл бізге және жастарға байланысты», деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Previous Post

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ШЫМКЕНТТІК ЖАСТАР БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТЫП КЕЛЕДІ

Next Post

Душанбедегі кездесуде 15-тен астам маңызды құжатқа қол қойылды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі