13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ШЫМКЕНТТІК ЖАСТАР БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТЫП КЕЛЕДІ

22 августа, 2024
in Жаңалықтар
0
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ШЫМКЕНТТІК ЖАСТАР БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТЫП КЕЛЕДІ
12
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Шымкент қаласы Тұран ауданына қарасты №8 шағын ауданда «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында «Таза аула» іс-шарасы ұйымдастырылды. Тазалық шарасына қала тұрғындары, ерікті жастар және «Жасыл ел» жасағының мүшелері қатысты. Олар А.Асқаров және Мангельдин көшелерінің бойында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің ауласын тазалап, қоқысты шығарып, ауланы ретке келтірді. Тазалық жұмыстарына 100-ге жуық тұрғындар, 4 арнайы техника жұмылдырылып, 21 тонна қоқыс шығарылды. Тазалық іс-шарасына қатысушылар Президенттің бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» бағдарламасы еліміздің экологиялық мәдениетін көтеруге, табиғатты аялап, қоршаған ортаны қорғауға оң ықпал ететінін айтып, барша азаматтарды осынау игілікті іске белсенді түрде атсалысуға шақырады. «Тазалық кісінің ішкі мәдениетінің, адамгершілігінің көрінісі деуге болады. Біз өзіміздің, өз үйіміздің ғана емес, тұрып жатқан жеріміздің, қаламыздың, туған жеріміздің таза болуына да баса мән беруге дағдылануымыз керек. Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынып отырған «Таза Қазақстан» бағдарламасына жастардың белсенді түрде қатысып жатқанын көріп қуанып отырмын», — дейді Шымкент қаласы Тұран ауданындағы ардагерлер кеңесінің төрағасы Әділбек Сатыбалды. Айта кетейік, «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы тазалық іс-шаралары бір күнмен шектелмей, бүкіл қаламыз бойынша тұрақты түрде жалғасып келеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев облыстар мен қалалардың әкімдеріне аумақтарды абаттандыру, көгалдандыру жөнінде бірқатар тапсырма берді. Оның ішінде cу тасқынына ұшырамаған облыстар мен қалалардың әкімдеріне көшелерді тазарту, көгалдандыру және елді мекендердің аумақтарын абаттандыру науқанын бастауды тапсырды. Сонымен қатар жолдарды ретке келтіру міндеті жүктелді. Осыған орай елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталған болатын.

Previous Post

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ЖЫЛУ ЖҮЙЕЛЕРІН ЖАҢАРТУ: инвестициялық бағдарлама жүзеге асуда

Next Post

​«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: Әрбір азамат жауапкершілікті сезінсе, түпкі мақсатқа жетеріміз анық

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі