13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Билік

Шымкентте қоғамдық көлік жүргізушілерінің мәдениетін қалыптастыратын курс ашылады

18 января, 2021
in Билік
0
Шымкентте қоғамдық көлік жүргізушілерінің мәдениетін қалыптастыратын курс ашылады
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласында қоғамдық көлік жүргізушілерінің мәдениеті мен біліктілігін арттыратын жоба қолға алынды. Енді қоғамдық көлік жүргізушілері 5 күндік оқу курсына қатысып, арнайы мамандардардан «жолаушыларды тасымалдау ережесі» және мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсету бойынша білім алады.

Бұл жөнінде қала әкімі Мұрат Әйтенов «Instagram» желісінде тікелей эфир арқылы тұрғындармен кездесуінде қоғамдық көлік мәселесін талқылап, саладағы бірқатар жаңалықтарымен бөлісті.

Жаңа жобаға қатысқан жүргізуші қызметтік тәртіпті сақтау, жолаушыларға сыпайылық таныту мен психологиялық дайындық және келеңсіз жағдай тудырмайтын жағдай жасауды үйренеді.  Оқудан өткендерге міндетті түрде сертификат беріледі. Айта кетейік, сертификаты жоқ жүргізушілер қоғамдық көлікті басқару қызметіне орналаса алмайды.

Сертификат табысталғаннан кейін жүргізуші тарапынан еңбек тәртібін бұзу жағдайы орын алса,  қайта аттестациалаудан өту міндеттеледі. Ал, этикалық нормалар мен еңбек тәртібін бірнеше рет бұзғандар қызметтен босатылып, алдағы уақытта қоғамдық көлікті басқару қызметіне орналасу қиындатылады.

Қаладағы жолаушылар мен жүргізуші арасында қандайда бір мәселелер орын алса немесе қосымша сұрақтар бойынша  жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының 24-75-17 байланыс нөміріне хабарласуға болады.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Tags: 13kz13kz.kz13кзМұрат Әйтеновқоғамдық көліктер
Previous Post

«Белден басудың арты жақсы болмайды». Белгілі журналист Шымкент әкімін сынап тастады

Next Post

Шымкентте 2021 жылы 36 бағыт субсидияланады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі