13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

«Белден басудың арты жақсы болмайды». Белгілі журналист Шымкент әкімін сынап тастады

18 января, 2021
in Қоғам
0
«Белден басудың арты жақсы болмайды». Белгілі журналист Шымкент әкімін сынап тастады
Share on FacebookShare on Twitter

Елімізге танымал журналист, қазақтың «Ақжүнісі» атанған Сәуле Әбединова Шымкенттегі атшабардың орнына тұрғын үй салуға келіс-сөздер жүргізіп отырған қала әкімі Мұрат Әйтеновтың іс-әрекетін сынға алды. Қоғам белсендісі өз наразылығын фейсбуктегі жеке парақшасында жариялады.

-Қазақтың жері тар ғой, ипподромның жеріне үй салмағанда қайтсін енді?.. Су үстіне үй, үй үстіне күріш салатын Жапония сияқты алақандай жеріміз бар, қайтеміз енді?.. Халқымыздың саны миллиондап өсіп жатыр, тар жерге сыймай жатырмыз…. ипподром бізге не керек? Одан да үй салатын жер керек!..🙄

«Бояушы-бояушы дегенге, сақалын бояйды» деген осы. «ойбай, BI керемет, Рахимбеков мықты» дегенге семіріп, «сақалын» бояп кетті ме?..

Барды жоқ қылу, қирату, бүлдіру оңай. Жоқтан бар жасау қиын. Одан да бар ипподромды дұрыстап жолға қойып,  жұмыс жүргізсе, Әйтенов тарихта қалар еді ғой…

Былтыр «ат спортын дамытайық» деген үндеу тастап едік, нәтижесі — ипподромды қолға алып, жолға қою емес, жою болды.

Әй, Әйтенов, оңбайсың ғой…

Сендерге сөз өтпейді екен. Сөзге қарсы быттиған бронежилет беттерің оққа қарсы бронежилеттен қалың боп тұр ғой! – деп ашынды Сәуле Әбілдаханқызы.

Халықтың пікірімен санаспайтын шенеуніктердің іс-әрекетіне қынжылыс білдірген журналист Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасарынан бұл мәселені назарға алуды сұрады.

-Shyńǵys Muqan , анау әкіміңізге айтсаңыз болмай ма, — «басеке, қазақтың жері кең ғой, үй салатын жер басқа жақтан да табылады, ал бар ипподромды жоқ қылсақ, болашақта ипподром салуымыз екіталай… одан да ипподромды дұрыс пайдаланып, бекзада спорт түрін дамытайық та, қазақ баласын халықаралық ат спортына бәйгеге қосайық!..» деп , – деді қоғам белсендісі.

Жазба соңында журналист халықтың пікірімен санаспай қабылданған шешім, халықтың наразылығын тудыруы мүмкін екендігін Шымкенттік шенеуніктерге ескертті.

-Бүйтіп бастық болғандарыңды, бүйтіп әкім болғандарыңды сендердің…

Құлқындарыңды ақша тескен… Әйтпесе Шымкент Рахимбековтің құрылыс компаниясының инвестициясына қарап қалыпты ма? «Үй салам десең — әне жерге сал, салмасаң, қоя ғой» деуге шамаларың жетпесе, несіне билік тізгінін ұстап отырсыңдар???

Негізі, бүгінгі биліктің әрбір ісі халықты ашындырып бітті. Соны өздерің сезесіңдер ме???

Мұндай «белден басудың» арты жақсы болмайды. Ежелгі тарихтан солай… өз көрлеріңді өздерің қазыңдар, дұрыс!-деп пікірін сабақтады Сәуле Әбілдаханқызы.

Tags: 13kz13kz.kz13кзипподромМұрат ӘйтеновШымкент
Previous Post

Мақтаарал ауданында карантин күшейтілді

Next Post

Шымкентте қоғамдық көлік жүргізушілерінің мәдениетін қалыптастыратын курс ашылады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі