13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІС: Күн тәртібінде маңызды мәселелер қаралды

22 июля, 2024
in Жаңалықтар
0
АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІС: Күн тәртібінде маңызды мәселелер қаралды
12
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жиын барысында аудандар мен барлық салада атқарылып жатқан жұмыстар пысықталып, өзекті мәселелердің шешімі қарастырылды. Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте жылу маусымына дайындық және мемлекеттік органдардың әлеуметтік желілерде, БАҚ және қоғаммен байланыс мәселелері қаралып, мемлекеттік қызметтердің сапасына жүргізілген ішкі мемлекеттік бақылау қорытындысы талқыланды. Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Р.Меңдіқұлов жылу маусымына дайындық жұмыстарын баяндады. Бүгінде бөлек орналасқан 26 жылу қазандығының 13-і және орталықтандырылған жылу жүйесіндегі 17 сорғы станциясы дайындалған, қалған 7 нысанда жұмыстар жалғасуда. Әзірлік шаралары қала аумағындағы 2107 көпқабатты тұрғын үйде, 469 бюджеттік мекемеде жүргізілуде. Қала әкімі сала және аудан басшыларына жылу маусымына дайындық жұмыстарын сапалы атқарып, 1-қыркүйекке дейін аяқтауды тапсырды. Сонымен қатар халықты үздіксіз, сапалы жылумен қамту үшін өзекті мәселелерді ашық жеткізіп, дер кезінде шешім қабылдауды ескертті. Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы басшысының м.а. А. Жұмақұлова мемлекеттік органдардың әлеуметтік желілердегі, БАҚ және қоғаммен байланыс мәселелері бойынша баяндама жасады. Қала басшысы аудан әкімдері мен басқарма басшыларына азаматтармен кері байланысты күшейтіп, түсіндірме жұмыстарын сапалы, шұғыл, жүйелі жүргізуді қадағалауды тапсырды. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мониторингі бөлімінің басшысы А. Даткаев жергілікті атқарушы органдар тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына жүргізілген ішкі мемлекеттік бақылау шараларын қорытындылады. Қала әкімі аппараты және қала әкімдігіне қарасты аудан әкімі аппараттары мен басқармалары тарапынан 172 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі. Қалабасшысы жауаптыларға құқық бұзушылықтардың жолын кесіп, халыққа адал қызмет көрсетуді ескертіп, нақты тапсырмалар берді. Жиын барысында аудандар мен барлық салада атқарылып жатқан жұмыстар пысықталып, өзекті мәселелердің шешімі қарастырылды.

Previous Post

ТҮРКІСТАНДА ТӘЖІРИБЕЛІ МЕТАЛЛУРГКЕ «ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІ ТАПСЫРЫЛДЫ

Next Post

ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫМДАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі

imunify-bot-check