Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде ҚР ДСМ санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Төрағасы бұйрығының Жобасы талқыланды.
Ондағы негізгі мәселе бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелеріне әдістемелік және консультациялық көмек шеңберінде әзірленген және бекітілген «хабарламалар мен рұқсаттар мониторингі түрінде субъектіге(объектіге) бармай профилактикалық бақылауды жүзеге асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» ҚР ДСМ санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Төрағасы бұйрығын басшылыққа алу жайы қозғалды.
Аталған мәселе жөнінде Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Нұрбек Нышановтың төрағалығымен өткен жиында департамент басшысының орынбасары Асқар Искаков мәлімдеді.
Аумақтық департамент басшысының орынбасары өз баяндамасында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау бойынша нормативтік базалар, хабарламалар мен рұқсаттардың мониторингі түрінде субъектіге (объектіге) бармай профилактикалық бақылауды жүзеге асыру жөніндегі Алгоритм жөнінде кеңінен тоқталды.
Жиын барысында баяндамашыға сала бойынша сұрақтар қойылып, департамент басшысы тарапынан осы әдістемелік ұсыным бұйрығына тексеру беру заңғдылығына ұсынымдар беру, көрсеткіші кенжелеген салалар бойынша жұмысты жандандыру бағытында тапсырмалар жүктелді.
Түркістан облысының бас мемлекеттік-санитариялық дәрігері Нұрбек Садықбекұлының төрағалығымен өткен жиынға департамент басшысының орынбасарлары, бөлім басшылары және аумақтық басқарма басшылары Zoom платформасы арқылы онлайн режимде қатысты.