Бүгін «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге» сайлауалды бағдарламасын тиімді іске асуын бақылау үшін ҚР Мәжіліс депутаты Данабек Исабеков, «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Мұрат Жолдыхожаев, қалалық фракция жетекшісі Қайрат Имашев, мәслихат депутаты Алина Дубиниа және партия қызметкерлері мүгедектігі бар азаматтарды жұмысқа қабылдаған мекемелерде болды. Шымкент қаласында биыл 33 500 адамды жұмыспен қамту шараларына тарту жоспарланса, оның ішінде 1 368 мүгедектігі бар азаматты қатыстыру көзделген. Одан бөлек, қала әкімі Ғ.Сыздықбековтың 2023 жылғы 30 қарашадағы «Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2024 жылға арналған жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысына сәйкес, 54 мекемеге 200 бос орынға квота белгіленген болатын. Алдымен партия өкілдері Тұран ауданы әкімі аппаратының «Тұран» коммуналдық мекемесінде болды.
Аталған мекемеде мүгедектігі бар азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасының 4 пайыздық мөлшерімен 10 адамды жұмыспен қамту бекітілген. Коммуналдық мекеменің штат саны 400 қызметкерді құрайды. Жыл басынан бері мұнда 14 мүгедектігі бар адам жұмысқа қабылданып отыр. Мүгедектігі бар адамды жұмыспен қамтыған келесі мекеме – «Диспетчерлік қызмет орталығы» мекемесі. Бұл жерде жұмыс орындары квотасының 2 % мөлшермен 1 мүгедектігі бар адамды жұмыспен қамту бекітілген еді. Қазіргі сәтте орталық квота бойынша бір азаматшаның жұмысқа қабылдаған. Мәжіліс депутаты мен партия өкілдеріне калалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Көпжан Тұрлыбеков мүгедектігі бар азаматтардың жұмысқа орналасуы мен мемлекеттік бағдарламаларға қатысуы жөнінде баяндап берді.
Шымкент қаласында бүгінге дейін 657 мүгедектігі бар азамат жұмыспен қамту шараларына тартылған. Оның ішінде 6 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 14 адам «Жастар практикасы» бағдарламасына, 17 адам «Қоғамдық жұмыс» орнына, 19 адам «Алғашқы жұмыс» орнына, 33 азамат «Күміс жас» бағдарламасына жолданса, 216 адам «Бастау бизнес» бағдарламасы бойынша алғашқы кәсіпкерлік дағдысын оқыды. Сонымен қатыр, 213 адамға тұрақты жұмыс орнына жолданып, 39 адамға қайтарымсыз грант берілді. Ал, қала әкімінің қаулысы негізінде 38 мекемеге 107 мүгедектігі бар азамат жолданып отыр. Осы азаматтардың 24-і білім беру ұйымдарына, 18-і денсаулық сақтау саласына, 15-і өндарас орындарына, 42 адам коммуналдық мекемелерге және 7 адам түрлі саладағы мекемелерге жұмысқа орналасты.