13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

​Бөлімшелердің әдістемелік-нұсқаулық атыс сабақтары өтті

16 июля, 2024
in Жаңалықтар
0
​Бөлімшелердің әдістемелік-нұсқаулық атыс сабақтары өтті
Share on FacebookShare on Twitter

​Жауынгерлік дайындық жоспарына сәйкес «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты Шымкент гарнизонының механикаландырылған бригадасының әскери қызметшілеріне «Дарбаза» оқу-жаттығу полигонында бөлімшелердің жауынгерлік үйлесімділігі бойынша әдістемелік-нұсқаулық сабақтары өткізілді. Бөлімнің оқу полигонында бөлімшелердің жауынгерлік үйлесімділігі бойынша әдістемелік-нұсқаулық сабақтарын өткізуге арналған сегіз оқу орындары дайындалып, әскери қызметшілерге дәрістер өтті. Сонымен қатар, офицерлер мен сержанттар жеке құраммен жұмыс істеу әдістері мен қазіргі заманғы қарулы қақтығыстардың тәжірибесін зерттеді.

Оқу орындарында жауынгерлік атыстар кезінде авиация соққысы, залалсыздырылмаған ауданмен жүріп өту, мина-жарылғыш қоршаудан өту және ұрыс алаңында жарақат алған жауынгерлерге алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша тәжірибе сабақтары жүргізілді. Әдістемелік – нұсқаулық сабағының басты кезеңін әскери бөлімнің бірінші шабуылдаушы батальоны жеке құрамы бөлімшелердің жауынгерлік атысын сапалы жүргізу мақсатында, қала аумағында заңсыз қаруланған қарсыластың шабуылын тоқтату, оларға шабуыл жасау, тактикалық кәсіби іс-қимылдарды жүзеге асырудың әдіс-тәсілдерін жетілдіріп, шеберліктерін паш етті.

— Әдістемелік сабақты өткізудегі мақсатымыз жауынгерлік жағдайға барынша жақындата отырып бөлімшелердің далалық дағдысы мен үйлесімділігін жетілдіру болып табылады. Сабақ барысында біз өзара іс-қимылды ұйымдастыру, жеке құрамды, әскери техника мен қару-жарақты дайындау мәселелерін пысықтауға ерекше назар аудардық. Атыс барысында бөлімшелер шартты қарсыластың барлық нысаналарына оқ атып, шеберліктерін көрсете білді, — деп атап өтті әсери бөлім сержанты Серік Айтубаев. Айта кетейік, бөлімшелердің жауынгерлік ату жаттығуы — бұл тактикалық дайындықты оқытудың ең жоғары түрі. Қазіргі уақытта барлық бөлімшелермен күндізгі және түнгі уақытта қарудан жауынгерлік атыстары жүргізілуде.

Previous Post

СӘТТІ ТРАНСПЛАНТАЦИЯ: Шымкенттік әйел күйеуіне бір бүйрегін берді

Next Post

ТҮРКІСТАН: ТҰҚЫМБАҚТАРДА 6 МИЛЛИОНҒА ЖУЫҚ АҒАШ КӨШЕТТЕРІ ӨСІРІЛУДЕ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі