13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

СӘТТІ ТРАНСПЛАНТАЦИЯ: Шымкенттік әйел күйеуіне бір бүйрегін берді

16 июля, 2024
in Жаңалықтар
0
СӘТТІ ТРАНСПЛАНТАЦИЯ: Шымкенттік әйел күйеуіне бір бүйрегін берді
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте бүйрек трансплантациясын жасалған ерлі зайыптылар үйіне шығарылады. Бір жылдан бері созылмалы бүйрек жетіспеушілігімен кезекте тұрған науқас гемодиализ аппаратына тәуелді болған. Бір ерекшелігі бір бүйрегін бөліп берген донор өзінің өмірлік жары. Ота 3 шілде күні √1 қалалық клиникалық ауруханасында жасалып, сәтті аяқталған болатын. Созылмалы бүйрек жетіспеушілігімен отаға мәжбүр болған Ерлан Асқар 49 жаста. Айна Әмзеқызымен отандасқанына 30 жылға жуық уақыт болған. Енді ғана елуді еңсерген қала тұрғыны тағдырдың тауқыметіне тап болып, ауыр сынақпен арпалысуға тура келді.

«№1 қалалық клиникалық ауруханада кезекті бүйрек трансплантациясы отасы өтті. Операция тірі донорда жасалды. Ол рецепиенттің әйелі. Науқас 1 жылдан бері гемодиализ аппаратына тәуелді болған. Отадан кейін «жасанды бүйрек» қызметі қажет болмайды. Науқастың өмір сүру сапасы жақсарады деп күтілуде», — деді хирургия бөлімінің меңгерушісі Сәбит Байтеміров.

Абырой болғанда донор іздеп, шекара асып сандалған жоқ. Өмірлік серігі Айна Әмзеқызы бүйрегімен бөлісуге бірден келіскен. Ота жасатуға √1 қалалық клиникалық аурухананы құп көрген ерлі зайыптылар өмірге жаңадан келгендей күй кешкендігін айтады. Тарнсплантация 3 ші шілде күні жасалды. Дәрігерлер ағза алмастыру отасы кезінде Ерланға әйелінің бүйрегін хирургиялық жолмен қондырып берген. Ота сәтті аяқталып, науқастар 10 күннен астам дәрігерлердің қарауында болды.

«Бір жыл бойы гемодиализде жүрдім. Осы №1 қалалық клиникалық ауруханада бүйрек ауыстыру отасын жасады. Жұбайым донор болды. Құдайға шүкір, қазір жағдайым жақсы. Бірер күнде үйге шығамын. Дәрігерлерге көп рақмет», — деді реципиент Ерлан Асқаров.

Айта кетейік, қазір екі пациенттің де жағдайы жақсы. Қос науқастың жағдайын бақылаған дәрігерлер ерлі зайыптыларды үйге шығарғалы жатыр.

Previous Post

ШЫМКЕНТ: КЕҢ БАБА САЯБАҒЫ МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛУДА

Next Post

​Бөлімшелердің әдістемелік-нұсқаулық атыс сабақтары өтті

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі