13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Cаясат

Созақ ауданында көпбалалы ана «Nur Otan» партиясына сәттілік тіледі

6 января, 2021
in Cаясат
0
Созақ ауданында көпбалалы ана «Nur Otan» партиясына сәттілік тіледі
Share on FacebookShare on Twitter

«Nur Otan» партиясынан Түркістан облысы, Созақ аудандық мәслихаты депутаттығына үміткер Гүлсара Алимбекова «Есіктен есікке» акциясы аясында «Алтын алқа» иегері, көпбалалы ана Алтынкүл Оразбекқызының шаңырағында болып, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Алтынкүл Оразбекова еліміздің демографиясына үлес қосып отырған, алтын құрсақты ана. Ол бүгінде 8 баланы тәрибелеп отыр. Көпбалалы анаға үміткер бағдарламдағы басымдықты егжей-тегжейлі түсіндіріп берді. Яғни, әйелдерді қолдап, олардың жан-жақты жетілуіне жол бермейтін кедергілерді жою және ана мен баланы қорғап, қиын жағдайға душар болған отбасыларға көмек көрсетуге бағытталған «Бақытты отбасы» партиялық жобасының жалғасатынын, өмірлік қиын жағдайды бастан кешіп жатқан отбасыларға атаулы  көмек көрсету шараларының күшейтілетіндігін жеткізді.

-«Nur Otan» партиясы «Қамқорлық» жобасы аясында кент, ауылдық округтер мен елді мекендерде өтетін қайырымдылық іс-шараларына жалғызбасты және әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған отбасыларды тартуға, сондай-ақ жұмыссыз үй шаруасында отырған қыз-келіншектер мен әйел-аналардың мемлекет тарапынан берілетін біржолғы қайтарымсыз  қаражат алуына мүмкіндіктер жасайды. Әрбір ауылдық округте материалдық көмек көрсету пункттерін ұйымдастыру арқылы қиын жағдайға тап болған адамдарға қолдау көрсетілетін болады,-деді Гүлсара Алимбекова.

Кездесу соңында Алтынкүл Оразбекқызы  10 қаңтардағы сайлауда «Nur Otan» партиясына сәттілік тілеп, дұрыс  таңдау жасайтындығын айтты.

«Nur Otan» партиясының Түркістан облысы Созақ ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді

 

 

Tags: 13kz13kz.kz13кзNur OtanТүркістан облысы
Previous Post

«Nur Otan» : Созақта мал шаруашылығын дамытуға басымдық беріледі

Next Post

Түркістан-Қазығұрт: Үміткерлер "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасындағы басым бағыттарға тоқталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі