13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Cаясат

«Nur Otan» : Созақта мал шаруашылығын дамытуға басымдық беріледі

6 января, 2021
in Cаясат
0
«Nur Otan» : Созақта мал шаруашылығын дамытуға басымдық беріледі
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы, Созақ ауданында сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде. Осы бағытта ауданда түрлі іс-шаралар мен кездесулер көптеп ұйымдастырылуда. ‘Nur Otan’ партиясынан аудандақ мәслихат депутаттығына үміткер Берік Тұрғынбаев Шолаққорған ауылының тұрғыны, жеке кәсіпкер Сәбит Орынтаевтың үйінде болып, ‘Nur Otan’ партиясының 2025 жылға дейінгі арналған сайлауалды бағдарламасын таныстырды.

Жеке кәсіпкер Сәбит Орынтаев өз ауласында ірі қара малдарды бордақылау жұмысымен айналысып, қомақты табыс тауып отырған азамат. Бордақылау жұмысына отбасы мүшелерін жұмысқа тартып, кәсіпкерлікпен айналысуда. Мал бордақылау алаңы өте ыңғайлы әрі жинақы жасалған. Қораның тазалығы мен ұқыптылығы тұтынушыларды тартуға оң әсер етуде.

Кездесу барысында Сәбит Орынтаев үміткерден агроөнеркәсіп саласын қолдау, соның ішінде суармалы және жайылымды жерлердің көлемін ұлғайту мәселесін сұрады. Берік Тұрғынбаев бұл мәселелер бас партияның тікелей назарында екендігін айтып, партия бағдарламасында қамтылғанын жеткізді.

-Ауыл шаруашылық және кәсіпкерлік саланы дамыту мақсатында ауыл тұрғындарының суармалы және жайылымдық жерлерді игеруіне, алынған табиғи өнімдерді тұтынушыларға өткізуіне жағдай жасалады. Шаруа қожалықтарының жұмысын жандандыру үшін аудандағы су қоймаларының жұмысын реттеуге, егістік, шабындық, жайылымдық жерлердің өз мақсатында пайдалану тиімділігін арттыруға ықпал етіледі. Нәтижесінде 2025 жылы ауданда мүйізді ірі қара мал саны 117%-ға артып, түйе басы 13 мың басқа жетеді, түйе сүтін өндіру көлемі арта түседі, — деді Берік Тұрғынбаев. Сонымен қатар үміткер мемлекеттен ауыл шаруашылығы саласын несиелеу мен субсидияландыру арналған қолдаулар жайында түсіндіріп берді.

‘Nur Otan’ партиясының сайлауалды бағдарламасымен толық танысып шыққан Шолаққорған ауылының тұрғыны  10-қаңтарда өтетін сайлауға қатысып, бас партияға дауыс беретіндігін жеткізді. Созақ ауданында сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда.

«Nur Otan» партиясының Түркістан облысы Созақ ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді

Tags: 13kz13kz.kz13кзNur OtanТүркістанТүркістан облысы
Previous Post

«Nur Otan» : Отырар ауданында канвассинг кездесулер жалғасуда

Next Post

Созақ ауданында көпбалалы ана «Nur Otan» партиясына сәттілік тіледі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі