13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Спорт

Париж олимпиадасында Шымкенттік 12 спортшы бақ сынайды

25 июля, 2024
in Спорт
0
Париж олимпиадасында Шымкенттік 12 спортшы бақ сынайды
Share on FacebookShare on Twitter

Ертең 26-шілде күні Франция астанасы Парижде ХХХІІІ жазғы олимпиада ойындарының ресми түрде ашылу салатаны өтеді. Төрт жылда бір келетін әлемдік додаға Қазақстан құрамасы осымен 8-рет қатысады. Франция астанасында ел намысын спорттың 25 түрінен 80 спортшы қорғайды. Олардың 12-сі Шымкент қаласының спортшылары. Жерлестеріміз, 8 спорт түрі бойынша бақтарын сынайды. Атап айтар болсақ, бокстан Махмұд Сабырхан, таэквондодан Самирхан Абабакиров, грек-рим күресінен Алимхан Сыздықов ,көркем гимнастикадан Эльжана Таниева жүлдеге таласады. Олимп шыңын бағындыруға Шымкенттік мергендердің де үміті мол. Стэнд атудан Мария Дмитренко, нысана көздеуден Никита Чирюкин мен Ирина Юнусметова сайысқа түседі. Семсерлесу спортынан шымкенттік Эльмир Алимжанов пен Ерлік Сертай да жеңіс тұғырынан көріну үшін барын салады. Ал тағы үш спортшы Сергей Эмельянов,Сергей Токарницкий мен Руфина Искакова байдарка және каноэда ескек есу спорты бойынша бақтарын сынайды.

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Париж олимпиадасына қатысатын қала спортшыларымен жарыс алдында кездесіп, сәтті өнер көрсетіп, жеңіспен оралуды тіледі. Қала әкімінің ықыласы спортшыларға ерекше жігер сыйлады.

Алғаш рет Олимпиада ойындарының ашылу рәсімі спорттық нысанда емес, өзенде ұйымдастырылмақ. Әр ұлттық құрама жеке қайыққа мініп, Сена өзені бойымен шеру жасайды. Көрермендер спортшыларды жақыннан көруі үшін әр қайық камералармен жабдықталады. 10 мыңнан астам спортшы шығыстан батысқа қарай жүріп, Париждің орталығын кесіп өтеді. Алты шақырымға созылатын шеру Трокадеро алдында аяқталады. Онда ашылу рәсімінің соңғы элементтері мен мерекелік шоулар ұйымдастырылады.

Айта кетейік, ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындары Парижде 2024 жылдың 24 шілдесі мен 11 тамызы аралығында өтеді. Франция астанасына 206 елден 10 500 спортшы жиналады. Олар 329 медаль жиынтығын сарапқа салады.

 

Previous Post

Ауыз су туралы не білуіңіз керек?

Next Post

ҚОШҚАР АТА ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫ ТАЗАЛАНДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі