Конго-Қырым қанды безгегі — жедел, қызбамен, жалпы уланумен, өлім-жітімнің болуымен сипатталатын вирусты инфекция. Індет қоздырғыштары ауру адам немесе ауру тасымалдаушы, мал қанын сорған кене арқылы (яғни, трансмиссивті жолмен) және тұрмыста қарым-қатынас жағдайында жанасу (контакт) арқылы немесе ауру малды сойып, оны мүшелегенде, малды кенеден тазалағанда, мал қырқымы кезінде техника қауіпсіздігін сақтамау салдарынан жұғуы мүмкін. Сондай-ақ, адам бұл ауруды сырқаттарды күту және оларға медициналық көмек көрсету немесе аталған вируспен зертханалық жағдайда жұмыс істеу барысында да жұқтырады. Ауру көзі болып ауру адамдар және вирус жұқтырған жануарлар жатады.
Кеселге негізінен ауылшаруашылық жұмыстарымен айналысатын , көктем, жаз айларында табиғатта, тоғай арасында, көк шөптер арасында демалатын адамдар шалдығады. КҚҚБ ауру адамнан сау адамға жұғады. Негізгі тасымалдаушылары болып кенелер жатады. Адамдар арасындағы індет жағдайлары көбіне көктем-жазғы уақыттарда (сәуір-тамыз) тіркеледі. Аурудың алғашқы сатысында қысқа уақыт ішінде жоғарғы температура 39-40, қатты бас ауруы, тоңып- қалтырап, ұйқысы бұзылып, тәбеті нашарлап, жүрегі айнып құсуы мүмкін, жүрек соғысы баяулап, артериялық қан қысымы төмендейді. Қан кету белгілерінің бастапқы кезеңі науқастың денесінде бөртпенің , түрлі егулер жасаған жерде қатты ісік, көгеру пайда болуымен, мұрнынан қан кетумен сипатталады.
- Кенеден таралатын ауруларының алдын-алудың жолы-кене шағудан қорғану.
- Лагерь құратын аймақты,шөпке отырмас бұрын айналаны өңдеу.
Саябаққа, табиғатқа барғанда жабық киім кию ұсынылады, шалбарды етікке салып, бас киімді өзіңізбен бірге алып жүру керек, шашты қалпақ немесе шарфтың астына жасыру керек.
- Әр үш сағат сайын қайта жағу керек спрейлермен және арнайы кенеге қарсы құралдарды қолданыңыз.
- Орман аймағында, шөпті өсімдіктері бар учаскелерде болған кезде өзара бір бірлеріңізді тексеру және өзін — өзі тексеру, жер үсті тексерулерін әр 10-15 минут сайын жүргізу.
- Ашық табиғат аясындағы демалыстан оралғаннан кейін және киімді шешкеннен кейін, денені, шашты және киімді мұқият тексеріп, кенелерді, әсіресе бас терісін, қолтықты, құлақтың артындағы аймақты мұқият қараңыз.
- Киімді желдетіңіз, гүлдерді, бұтақтарды немесе аңшылықтан кейінгі заттарды бірден бөлмеге әкелмеңіз.
- Үй иттерін және басқа үй жануарларын оларға жабысқан кенелерді анықтау және жою үшін тексеріңіз.
Есіңізде болсын! Кене шағуы аса қауіпті инфекция-Конго Қырым геморрагиялық қызбасына алып келуі мүмкін! Кенелерден қорғау ережелерін сақтау және дереу медициналық көмекке жүгіну сіздің өміріңізді сақтайды!
ҚР ДСМ СЭБК Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы Нышанов Нұрбек Садықбекұлы