13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ЕКПЕЛЕРМЕН ҚАМТУ ШАРАЛАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

23 июля, 2024
in Жаңалықтар
0
ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ЕКПЕЛЕРМЕН ҚАМТУ ШАРАЛАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Нұрбек Нышановтың төрағалығымен мақсатты топ балаларын профилактикалық екпелермен қамту шаралары бойынша жиын өтті.  Жиынға департамент басшысының орынбасарлары, бөлім басшылары және аумақтық басқарма басшылары Zoom платформасы арқылы онлайн режимде қатысты.

Лездемелік жиынның күн тәртібінде қаралған мәселе бойынша департамент басшысының орынбасары Бахтыораз Елемесов пен инфекциялық және паразиттік эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы Оралбек Жиенәлиев баяндама жасады.

Баяндамашылар 2024 жылдың 6 айында 16 жасқа дейінгі балаларды профилактикалық егулермен қамтудың салыстырмалы деректерін талдады. Сонымен қатар аумақтық басқармалар тарапынан орын алған кемшіліктерді ретке келтіру бойынша қажетті ұсынымдарын білдірді.

Жалпы Түркістан облысы бойынша «Біріңғай халық тіркелімі» ақпараттық жүйесі бойынша 196 344 бала вакцинациялауға жатады. Бүгінгі таңда вакцинациямен қамтылған балалар  47,3 пайызды құрап отыр. Бұл ретте көрсеткішті артқа тартып тұрған Қазығұрт, Созақ аудандары және Түркістан қаласы болып тұр. Сонымен қатар туберкулезге қарсы вакцинамен қамту бойынша Бәйдібек ауданының көрсеткіші көңіл көншітпесе, гексавакцинамен яғни  көкжөтелге, дифтерияға, сіреспеге, гемофильді инфекцияға, полиомиелитке және ВГВ-ға қарсы вакциналау бойынша Созақ ауданы мен Түркістан қаласы төмен көрсеткіш көрсетіп тұр.

Жиын барысында бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау жүргізу туралы алгоритмі түсіндірілді. Өз кезегінде департамент басшысы Нұрбек Садықбекұлы көрсеткіштерді біріңғайландыру, ақпараттық жүйлермен жұмыс жүргізуге, профилактикалық екпемен қамту жұмыстарын жандандыру  және жалпы салалар бойынша жоспарлы жұмыстарды ширатуға тапсырма берді.

Previous Post

САЙРАМ ТҰРҒЫН АЛАБЫ: ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕР ШЕШІМІН ТАБАТЫН БОЛАДЫ

Next Post

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТҮРКІСТАНДА СЕНБІЛІККЕ 1 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ ҚАТЫСТЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі