13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТҮРКІСТАНДА СЕНБІЛІККЕ 1 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ ҚАТЫСТЫ

23 июля, 2024
in Жаңалықтар
0
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТҮРКІСТАНДА СЕНБІЛІККЕ 1 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ ҚАТЫСТЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталғалы Түркістан қаласында ауқымды сенбіліктер ұйымдастырылып келеді. Бүгінгі күнге дейін киелі шаһарда акция аясында 100-ден аса шара өтіп, қаланың ажары ашыла түскен. Қазақ елінің ғана емес, күллі түркі дүниесінің рухани астанасына айналған қаланың туристік әлеуетін арттыруда бұл жұмыстардың да тигізер әсері орасан.

Бүгінгі тазалық жұмыстарына 1 мыңнан астам адам, 18 техника жұмылдырылған. Ауқымды сенбілік шарасына қаладағы 18 мекеменің қызметкерлері мен қала тұрғындары атсалысты. Олар шаһардың 10-нан аса аумағында тазалық жұмыстарын жүргізді. Айта кетейік, науқан басталғалы бері қала аумағындағы орталық маңызы бар көшелердегі кәсіпкерлік нысандар мен қасбеттерін реттеу бойынша қалалық әкімдіктің 14 мекемесіне 32 көше бекітіліп, мердігер мекемелерді ұйымдастыру арқылы тиісті жұмыстар атқарылған. Нәтижесінде 3 839 нысан сараланып, жөндеуді қажет ететін 1 562 нысан анықталған. Қазіргі таңда оның барлығы ретке келтірілген. Сондай-ақ, көпқабатты үйлердің қасбеттері мен аулалары және суару жүйелері қайта жаңартылды. Көпқабатты үйлер алдына жаңадан 297 дана қоқыс жәшігі орнатылды.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Previous Post

ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ЕКПЕЛЕРМЕН ҚАМТУ ШАРАЛАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Next Post

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТҮРКІСТАНДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯ АЯСЫНДА ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі