13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АДАМ ПАПИЛЛОМА ВИРУСЫНА ҚАРСЫ 24 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЕКПЕ ЕГУ ЖОСПАРЛАНҒАН

13 июля, 2024
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АДАМ ПАПИЛЛОМА ВИРУСЫНА ҚАРСЫ 24 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЕКПЕ ЕГУ ЖОСПАРЛАНҒАН
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін өңірлік коммуникация қызметінің алаңында Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшы орынбасары Елемесов Бахтыораз Мизамұлы адам папиллома вирусына қарсы вакцинациялау бойынша брифингте баяндама жасады. Басқарма басшысының орынбасары жатыр мойны обырының шалдығуына жол бермеудің бірден-бір тиімді баламасыз құралы болып табылатын вакцинация туралы кеңінен ақпарат берді.

– Жатыр мойны обырының дамуы — әйелдің адам папиллома вирусын жұқтыруымен тікелей байланысты. Бұл туралы көптеген ғылыми дәлелдер бар. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, 95% — дан астам жағдайда жатыр мойны обырын (ЖМО) адам папиллома вирусы (АПВ) тудырады. АПВ бар әйелдерде жатыр мойны обырының даму ықтималдығы вирус жоқ әйелдерге қарағанда 6 есе жоғары. Бүгінде елімізде осы вирустың алдын алу мақсатында вакцинациялау жұмыстары қолға алынуда. Ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап 11-14 жас аралығындағы қыздарға ата-анасының рұқсатымен екпе жұмыстары жүргізілмек, — деді Бахтыораз Мизамұлы.

Айта кетейік, екпе егудегі мақсат — адам папилломасы вирусымен байланысты өзге де қатерлі ісіктердің жиілігін төмендету. Екпенің денсаулыққа ешқандай кері әсері жоқ, қауіпсіз. Республикамызда 4 валентті «Гардасил» вакцинасын қолдану көзделіп отыр. Вакцина тегін негізде білім беру ұйымдарының егу кабинеттерінде жүргізіледі. Облыс бойынша 24 мыңға жуық қыз балаға егу жоспарланған.

Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі

 

Previous Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АДАМ ПАПИЛЛОМАВИРУСЫНА ҚАРСЫ ВАКЦИНАЦИЯЛАУ ҚЫРКҮЙЕК АЙЫНДА БАСТАЛАДЫ

Next Post

ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫЛАРЫ МЕДИЦИНА ҰЙЫМЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі