«Nur Otan» партиясынан Түркістан облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Н.Аширов, Қазығұрт аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Е.Исақұлов, С.Саипов, Е.Аманқұлов, А.Құрбан Тұрбат ауыл округіне қарасты Еңбек елді мекенінің тұрғындарымен кездесіп, үгіт-насихат парақшаларын таратты.
Сайлаушыларға Түркістан облысы Қазығұрт ауданы бойынша «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы жайында түсіндіріп, 2020 жыл біз үшін үлкен сынақ жылы болғанын, коронавирустық пандемия біздің өмірімізді өзгерткенін, біздің басты құндылық – адамның өмірі мен денсаулығы екенін түсіндік, дей келе осы қиын-қыстау кезде «Nur Otan» партиясы экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз етіп, жұмыс істеп тұрған жұмыс орындарын сақтау және жаңа жұмыс орындарын құрып, ауданды қауіпсіз әрі жайлы ету үшін бар күшін салғанын тілге тиек етті.
Үміткерлер басты ортақ мақсат-әрбір тұрғынның өмір сүру деңгейін арттыру екенін қадап-қадап айтып, ахуалды жақсарту бойынша атқарылған іс-шараларға тоқталды.
Атап айтсақ, елімізге таралған пандемияға байланысты көптеген салаларда шектеулер қойылып, іскерлік белсенділіктің төмендеуіне алып келді.
Мемлекет тарапынан елімізде экономикалық іскерлік белсенділікті қолдау және сыртқы әсерлердің теріс ықпалын азайту үшін ауқымды шаралар қабылданды. Кірісін уақытша жоғалтқан 1 896 азаматқа 42 500 теңгеден әлеуметтік төлемдер төленді, 1 286 аз қамтамасыз етілген отбасыларға «Біз біргеміз» қоғамдық қорынан 50 мың теңгеден берілді, 9 871 азаматтың коммуналдық шығыстары өтелді 5 582 мүгедек жандарға 92 706 мың теңге, 829 мүгедек балаларға және мүгедек күтімімен айналысатын ата-аналарға, жұмыссыз мәртебесін жоғалтапаған жұмыспен қамту шарыларына тартылған 924 азаматқа 15 431 мың теңге әлеуметтік көмек төленді, 3594 бала 91156 мың теңге кепілдендірілген әлеуметтік топтамамен қамтамасыз етілді.
Үміткерлердің сөзінше, тұрғындарды мазалайтын мәселелер «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасындағы ауданды дамытудың 7 басым бағыттарының негізі етіп айқындалған. Атап айтсақ, экономикалық тұрақты аудан, ыңғайлы аудан, әлеуметтік қызметке бағдарланған аудан, жастарға арналған аудан, мәдениеті мен тарихы бай аудан, ашық және есеп беретін жергілікті органдар, қауіпсіз аудан.
Осы 7 басым бағыттардың басты мақсаты – халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үнемі жақсарту үшін жағдай жасау.
Кездесу кезінде сайлаушылар тарапынан қойылған таза су, жол, табиғи газ мәселелері мен денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік салалар жайындағы сұрақтарға партияның сайлауалды бағдарламасын көрсетілген бағыттар бойынша нақты-нақты жауаптар берілді.
Жиын соңында үміткерлер сайлаушыларға біздің партия Сіздердің үміттеріңізді ақтау үшін, барлық топтағы халықтың мүддесін білдіру үшін және халық пен билік арасындағы байланыстырушы буын болу үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды.
Біз Сіздерге дұрыс таңдау жасап, мәслихат сайлауында «Nur Otan» партиясын қолдауға шақырамыз.
Біздің бағдарламамыз туған ауданды дамытуға бағытталған. Біз Түркістан облысының Қазығұрт ауданын ауыл шаруашылығы өнімдерін негізгі жеткізушілердің бірі және агроөнеркәсіптік кешені саласындағы сауда орталығына айналдыру бойынша нақты шараларды ұсынып отырмыз.
Біз ауданның дамуы мен өркендеуі үшін барлық азаматтар мен қоғамдық бірлестіктермен пікір алмасып, қызмет атқаруға және ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа дайын және ашық екенімізді мәлімдейміз.
Қазіргі заманғы сын-қатерлер мен жаңа міндеттерді бірге жеңіп шығатынымызға сенімдіміз.
«Nur Otan» партиясы, еліміздің жетекші саяси күші ретінде халқымыздың ынтымағы, еліміздің гүлденуі мен әрбір қазақстандықтың әл-ауқаты үшін жұмысын жалғастыратын болады.
Біздің міндетіміз – Қазығұрт ауданының әрбір тұрғынының сенімін ақтау,-деп сөздерін түйіндеді.
«Nur Otan» партиясының Түркістан облысы Қазығұрт ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді.