13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

СЕНАТ ДЕПУТАТЫ СОТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕРДЕН ХАБАРДАР ЕТТІ

13 июля, 2024
in Жаңалықтар
0
СЕНАТ ДЕПУТАТЫ СОТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕРДЕН ХАБАРДАР ЕТТІ
Share on FacebookShare on Twitter

Сенат депутаты Нұрлан Бекназаров Шымкент қалалық сотының судьяларымен кездесіп, сот жүйесіндегі соңғы жылдардағы реформалар, жаңашылдықтар тақырыбында жиын өткізді.

Жиынға алқа төрағалары мен судьялары, жергілікті соттардың төрағалары және Сот әкімшілігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері қатысты.

Сенатор жиында «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңына енгізгелі тұрған өзгерістерден хабардар етті.

Сонымен қатар, алқа судьялары Назира Аманқұлова және Виталий Мирошников «Сот жүйесін реформалауға және практикада құқық қолдануға қатысты заңнамаға енгізілген өзгерістерді талқылау мәселелері» туралы баяндама жасады.

Кездесуде қалалық сот төрағасы Әділхан Шайхисламов «Сот жүйесін реформалау және процестік заңнаманы жетілдіру туралы» заң жобасына депутаттар бастамашы болғанын атап өтіп, сот жүйесін реформалау жөніндегі тапсырмалардың жүйелі орындалып жатқанын жеткізді.

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Нұрлан Бекназаров Шымкент қаласына жұмыс сапары аясында бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап жүр. Сенат депутаты бүгін Бозарық шағынауданында өзекті мәселелер бойынша тұрғындармен кездесіп, аз қамтылған отбасыларға арналған тұрғын үй құрылысымен танысты. Сондай-ақ, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Н.Бекназаров №6 қалалық емхананың қызметімен танысып, мамандармен әңгімелесті. №6 емханаға бүгінде 60 мыңға жуық тұрғын тіркелген. Өткен жылы Шымкент қаласындағы медициналық ұйымдар арасында алғаш болып «Үздік тәжірибелік орталық» жүйесі енгізілген еді.

Нұрлан Құдиярұлы «Алдын-алу және әлеуметтік психологиялық көмек көрсету», «Халық кеңесі» кабинетінің жұмыс барысын аралап көрді. Емхананың бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Ұлбала Ерғалиқызы тұрғындарға көрсетілетін медициналық қызмет сапасын егжей-тегжейлі таныстырып өтті.

Сенатор «Үздік тәжірибелік орталық» қызметтері, фронт-офис, денсаулық мектептері, пациенттерге медициналық қызметтің қолжетімділігін арттыруда қолға алынған жұмыстарды оң бағалады. Тұрғындармен психологиялық-моральдық қатынасты жақсартудың маңызы зор екенін айтып, ендігі кезекте жаңа бөлімдердің жұмысын халыққа кеңірек түсіндіру қажет екенін мәлімдеді.

Previous Post

СЕНАТ ДЕПУТАТЫ БОЗАРЫҚ ШАҒЫНАУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТЫҢДАДЫ

Next Post

ӘР ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАНЫҢ ҚАЛАЙ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТҚАНЫН КЕЗЕҢ-КЕЗЕҢІМЕН БАҚЫЛАУҒА БОЛАДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі