13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: 66 МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМ ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫ ТАҢБАЛАУ БОЙЫНША ИНТЕГРАЦИЯЛАНДЫ

12 июля, 2024
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТ: 66 МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМ ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫ ТАҢБАЛАУ БОЙЫНША ИНТЕГРАЦИЯЛАНДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласында 66 медициналық ұйым дәрілік заттарды таңбалау бойынша ақпараттық жүйемен қамтамасыз етілді. Бұл туралы  Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Сауле Дүйсенова  мәлімдеді.  «26 мемлекеттік және 40 жекеменшік медициналық ұйымдарда толық интеграция жүргізілді.   Таңбалаудың маңыздылығы-дәрілік заттардың айналымын ашық етеді . Дәрілік заттардың сапасы мен қауіпсіздігі бойынша ақпаратқа қолжетімділік беріп, меншік түріне қарамастан медициналық ұйымдарда өндірушіден пациентке дейінгі әр қаптаманың жеке есебін қамтамасыз етеді. Дәрілік заттарды таңбалау нарықты  контрафактілік және жалған өнім айналымынан қорғайды»,- деді Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Сауле Дүйсенова.

2024 жылдың 1 шілдесінен бастап дәрілік заттарды көтерме саудадағы субъектілер таңбалау мен қадағалау процесін енгізбеген медицинадық ұйымдарға, дәріханаларға дәрілік заттарды босатуды тоқтатады, осыған байланысты дәріханалар дәрілік заттарды сатып алу және халыққа өткізу мүмкіндігінен айырылады.

Айта кетейік, қалада  585 дәріхана жұмыс істейді. Оның ішінде 585 дәріхана, яғни (100%) 680 дана 2D сканермен жабдықталған. Шаһарда  53 дәрілік қойма бар. Бүгінгі таңға 38 дәрілік қойма жұмыс істеп тұр.  15-і фармацевтикалық қызметін тоқтатқан. 38 дәрілік қойма (100%) 141 дана 2D сканермен және 189 дана деректерді жинау терминалымен жабдықталған.

Дәрілік заттарды таңбалау мен қадағалау еңгізу үшін Шымкент қаласының әкімінің орынбасары төрағалығымен Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасы, медициналық және фармацевтикалық бақылау департаменті, Атамекен кәсіпкерлік палатасы және кірістер департаментімен бірлесіп медициналық ұйымдар мен фармацевтикалық қызметті атқаратын субъектілерге түсүндірме жұмыстары өткізіліп жүр.

Еске сала кетейік, 2022 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда дәрілік заттардың 90-ына цифрлық таңбалаудың бірінші кезеңі енгізілген болатын. Енді 1 шілдеден бастап дәрілік заттарды көтерме саудадағы субъектілер таңбалау мен қадағалау жүйесін еңгізбеген медициналық ұйымдарға, дәріханаларға дәрілік заттар босату тоқтатылады.

Previous Post

ШЫМКЕНТ: қала әкімі қаланы жаяу аралап, бірнеше нысандарда болды

Next Post

ЖУРНАЛИСТІҢ КӘСІБИ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕПІЛДІКТЕРІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӨНІНДЕГІ НОРМА ЕНГІЗІЛДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі