13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: қала әкімі қаланы жаяу аралап, бірнеше нысандарда болды

12 июля, 2024
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТ: қала әкімі қаланы жаяу аралап, бірнеше нысандарда болды
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте қала әкімі Ғабит Сыздықбеков салалық басқарма басшыларымен бірге қаланы жаяу аралады. Азаматтарды қабылдау барысында «Шұғыла» шағынауданы, Қазына көшесінің тұрғыны Сырға Тәжібаева жер қатынастары саласына қатысты мәселесін көтерген болатын. Жауапты мамандарға бұл өтінішті қолданыстағы заңнамаға сәйкес зерделеу тапсырылды. Сонымен қатар, 110/10 кВ «Дендропарк» қосалқы стансасының құрылыс барысымен танысты. Станса салынып жатқан тұрғын үй кешендері мен әлеуметтік нысандарды сапалы энергиямен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Одан әрі Қаратау ауданындағы «Үш бұлақ» балалар лагеріне барды. Шаһар басшысы лагерьдің инфрақұрылымымен танысып, балалардың тамақтануы мен бос уақытын ұйымдастыруына, сондай-ақ нысанның кешенді қауіпсіздік жүйесіне баса назар аударды. Жауапты басқарма басшысына мектеп оқушыларының жазғы демалысы қауіпсіз, қызықты әрі пайдалы өту үшін тиісті барлық шара қабылдау бойынша тапсырма берді. Сондай-ақ бүгін шетелдік инвестор “Guyi Holding Company” өкілдерімен кездесті. Компания Шымкентте электромобиль шығару бойынша ірі инвестициялық жобаны жүзеге асырмақ. Жаяу аралау барысында инвесторларды «Жұлдыз» индустриялық аймағымен таныстырды. Зауыт салуға мүмкіндік бар учаскелерді бірге аралады. Бұдан бөлек «Шымтау» жаңа тұрғын алабында болды. Халық жарық пен газ мәселесін көтеріп, асфальт төсеу және қоғамдық көлік бағытын ұзарту бойынша өтініштерін білдірді. Әңгімелесу барысында барлық мәселелер өзектілігіне қарай кезең-кезеңімен шешілетінін жеткізді. Әкім бастаған топ 17 шағынаудан тұрғындарының да шағымын назардан тыс қалдырмады. Көпқабатты үйлердің ауласында мердігер мекеме ойын алаңын қиратып кеткен. Тексеру барысында олардың қателескені анықталды. Енді компания жақын арада ойын алаңын өз қаражаты есебінен қалпына келтіріп, жаңа элементтермен толықтыратынын болады.

Previous Post

Балмұздақ сатып аларда абай болған жөн

Next Post

ШЫМКЕНТ: 66 МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМ ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫ ТАҢБАЛАУ БОЙЫНША ИНТЕГРАЦИЯЛАНДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі