13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте «Масс-медиа туралы» жаңа заңның қазіргі талаптарға сәйкестігі туралы дөңгелек үстел өтті

11 июля, 2024
in Жаңалықтар
0
Шымкентте «Масс-медиа туралы» жаңа заңның қазіргі талаптарға сәйкестігі туралы дөңгелек үстел өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласындағы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Масс-медиа туралы» жаңа заңның қазіргі заманғы талаптарға сәйкестігі туралы тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге Шымкент қаласындағы белгілі, белсенді бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері мен «Өңірлік коммуникациялар қызметі» жанынан құрылған сарапшылар кеңесінің өкілдері қатысты. «Масс-медиа туралы» жаңа Заңда журналистердің қауіпсіздігі мәселесі, БАҚ-қа қойылған талап-арыздың ескіру мерзімін 1 жылға дейін қысқарту, енді БАҚ-тың өзін өзі реттеу мәселелері бойынша қоғамдық кәсіби кеңестер құру, БАҚ-ты қаржыландырудың екі тәсілі, атап айтқанда мемлекеттік тапсырыс және гранттар берілетіндігі, БАҚ сұрауларын қарау мерзімі 7 жұмыс күннен 5 жұмыс күніне дейін қысқартылғаны журналистердің көңілінен шықты. Сондай-ақ, мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдарына отандық контентті дамыту, гранттық қаржыландыру жағы шешілетін болды. Бұл бәсекелестікті дамытуда оңтайлы шешім. Сонымен қатар балалар басылымдары мен өңірлік газет-журналдарын қаржылай қолдауға басымдық берілді Бұл өңірлердегі басылымдардың қаржылық тығырықтан шығуына сеп болмақ. Жаңа заңда мемлекеттік тілдегі отандық теле-радио бағдарламалардың апта сайынғы көлемін 50 пайыздан 60 пайызға ұлғайту» туралы шешім дұрыс болды. Жалпы, мемлекеттік тілде хабар тарату межесін біртіндеп көбейте берген орынды. Сондай-ақ, отандық теле-радиоарналардағы шетелдік бағдарламалардың ретрансляциясын 20 пайыздан 10 пайызға дейін азайту белгіленгені құптарлық. «Масс-медиа туралы» жаңа Заң мемлекеттік саясаттың барынша ілгері дамуына, кәсіби журналистердің кедергісіз жұмыс істеуіне, ақпарттық кеңістіктің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға, ақпарат таратуда бәсекелестікті дамытуға сөзсіз әсер етеді. Соңғы жылдары дәстүрлі БАҚ-тың бағыты концептуалды тұрғыда өзгеріп, жаңа медиа түсінігі қалыптасты. Қолданыстағы ұлттық заңнамада кездесетін «бұқаралық ақпарат құралдары» сөзі «масс-медиа» сөзімен ауыстырылды. Оған енді тек бұқаралық ақпарат құралдары ғана емес, сонымен бірге интернет-басылымдар мен интернет ресурстары, олардың әлеуметтік желідегі парақшалары да кіреді. Демек,бұл заңның қамтитын ауқымы кең болады және бұдан былай әлеуметтік желілер де қадағалауда болуы мүмкін. «Масс-медиа туралы» жаңа Заңның заман талабына сәйкестігі» атты дөңгелек үстелге қатысушылар жаңа Заңға енгізілген журналистердің мәртебесін көтеру, мемлекеттік ақпараттық саясатты қаржыландыру тетіктерін реформалау, өзін өзі реттеу институттарын дамыту, журналистердің ақпаратқа қол жетімділігі туралы заңдағы түзетулер төңірегінде өз ойларын ортаға салды.

Previous Post

ШЫМКЕНТ: сессияда 2024 – 2026 жылдарға арналған қала бюджетін нақтылау мәселесі қаралды

Next Post

ШЫҰ – тұрақты даму мен көпжақты диалог алаңы

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі