13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: сессияда 2024 – 2026 жылдарға арналған қала бюджетін нақтылау мәселесі қаралды

11 июля, 2024
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТ: сессияда 2024 – 2026 жылдарға арналған қала бюджетін нақтылау мәселесі қаралды
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін сегізінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс он тоғызыншы сессиясы өтті. Оған Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты. Депутаттар сессия барысында қаланың 2024-2026 жылдарға арналған бюджетін бекітті. Бюджетті нақтылау нәтижесінде, қала бюджетінің көлемі 734,6 млрд теңгеден 754,2 млрд теңгеге дейін артатын болады, яғни, өсім 19,6 млрд теңге. Өсім негізінен жергілікті бюджеттің өзіндік кірістерінің артуының есебінен құралып отыр. Бюджет жобасы қоғамдық кеңесте қаралып талқыланып, қаражат ең алдымен, халықтың өзекті мәселелерін шешуге, тұрмысын жақсартуға, әлеуметтік жағдайын көтеруге жұмсалатыны анықталған. Атап айтқанда, білім саласындағы мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдауға – 663,6 млн.теңге, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды әлеуметтік қолдауға – 885,4 млн.теңге қаралып отыр. Бұдан басқа, республикалық бюджеттің резервінен вакцинацияға 2,8 млрд теңге бағытталуда. «Даму бюджеті бойынша жалпы – 3,8 млрд теңге қарастырылуда. Оның ішіндежаңадан қосылған шағын аудандардың инженерлік инфрақұрылым жүйесін дамытуға – 2,5 млрд теңге бөлінсе, сумен жабдықтау жүйесін дамытуға – 340,5 млн.теңге, газ тасымалдау жүйесін дамытуға – 4,3 млрд теңге, білім беру объектілерін дамытуға – 500 млн.теңге, ол ақшаға Сабыр Рахымов атындағы «Жас Ұлан» мектебінің құрылысы кіреді, көлік инфрақұрылымын дамытуға – 3,9 млрд теңге бөлініп отыр. Қала экономикасының көзі саналатын индустриялық аймақтардың инфрақұрылымын дамытуға – 1,1 млрд теңге қаралды», – дейді баяндамасында Шымкент қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасыныңбасшысы Е.Есқараев. Сессия соңында қала басшысы күн тәртібіндегі мәселелер жөнінде сөз алып, қаланың әрі қарай өркендеуіне ықпал етер шешімдерге қолдау білдіргені үшін мәслихат мүшелеріне алғысын жеткізді.

Previous Post

Шымкентте 100-ге жуық адам буынын алмастырылған

Next Post

Шымкентте «Масс-медиа туралы» жаңа заңның қазіргі талаптарға сәйкестігі туралы дөңгелек үстел өтті

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі