13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

СЕНАТ ТӨРАҒАСЫ ШЫМКЕНТ ЖАСТАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

7 июля, 2024
in Жаңалықтар
0
СЕНАТ ТӨРАҒАСЫ ШЫМКЕНТ ЖАСТАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
12
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Сенат Спикері өз сөзінде жас қазақстандықтарды қолдауға арналған шараларға, осы саладағы мемлекеттік бағдарламаларға және нақты бағыттар бойынша атқарылып жатқан жобаларға да тоқталды. Сапар барысында Сенат Төрағасы қаланың белсенді жастарымен кездесті. Жиын барысында реформаларды іске асыруда және Шымкенттің дамуында жас буынға жүктелетін міндеттер талқыланды. Сенат Спикері өз сөзінде жас қазақстандықтарды қолдауға арналған шараларға, осы саладағы мемлекеттік бағдарламаларға және нақты бағыттар бойынша атқарылып жатқан жобаларға да тоқталды. «Президентіміздің бастамасымен Қазақстанда жастардың білім саласындағы әлеуетін іске асыруға және қызметте өсуіне қажетті жағдай жасалып отыр. Жас буынды баспанамен қамту мәселесі де басты назарда. Өздеріңізге белгілі, биылғы наурызда Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Әділетті Қазақстан идеясымен тығыз байланысты және дұрыс құндылықтар жүйесін қалыптастыруға ықпал ететін «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» тұжырымын жариялады. Бұл қағидаттар, ең алдымен, жастардың бойынан табылуы керек», – деді Сенат Төрағасы. Сонымен қатар сенаторлар қаладағы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығына барды. Сондай-ақ олар бұған дейін Палатаның тұрақты комитеттеріне Шымкенттегі «AZALA Textile» тоқыма фабрикасының жұмысшыларынан өтініштер келіп түскенін ескеріп, кәсіпорынның қызметімен танысу үшін аталған нысанға арнайы барды. Бұдан басқа, депутаттар әуежайда жаңа терминалдың жай-күйіне назар аударды.

Жиыннан кейін, Төраға Мәулен Әшімбаев бастаған бір топ сенаторлар бірнеше нысанды аралап, тыныс-тіршілігімен танысты. Сондай-ақ, сенаторлар бұған дейін палатаның тұрақты комитеттеріне Шымкенттегі “AZALA Textile” тоқыма фабрикасының жұмысшыларынан өтініштер келіп түскенін ескеріп, кәсіпорынның қызметімен танысу үшін аталған нысанға арнайы барды. Кәсіпорында болған кездесуде сенаторлар жеңіл өнеркәсіп секторындағы бизнестің негізгі мәселелерін талқылады.

Previous Post

ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІНЕ ОРАЙ ГАЛА-КОНЦЕРТ ӨТЕДІ

Next Post

Бейбітшілік пен келісім алаңы

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі