13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкеттік дәрігерлер отаның тың тәсілімен инсульттің алдын алды

5 июля, 2024
in Жаңалықтар
0
Шымкеттік дәрігерлер отаның тың тәсілімен инсульттің алдын алды
12
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте МӘМС шеңберінде ми қан тамырларына ота жасаудың тың тәсілі 38 жастағы ер азаматта инсульттың алдын алды. Күрделі отаны №2 қалалық аурухананың білікті нейрохирург дәрігері Еркін Медетов жасады. Науқасты көптен бері бас ауруы, құрысу мазалап келген. Медициналық тексеру барысында ми қан тамырларының мальформациясы анықталған. Инсульт алуға шақ қалған азаматты аман алып қалу үшін жедел әрекет ету қажет болады. «Артериовенозды мальформацияны» емдеуде ашық немесе тамырдың ішімен ота жасауға болады. Дәрігерлер бұл жолы қан айналымын бітеген тамырларды эмбализация жасап, тіліксіз отаның тың әдісін қолданды. Құны 6 млн. 200 мың теңгені құрайтын күрделі ота міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру есебінен тегін жасалған. Қазіргі таңда науқастың жағдайы жақсы және таяу күндері ауруханадан шығарылады. Алдағы уақытта дәрігерлердің кеңесін тұрақты орындап, бақылауда болуы тиіс. Жалпы, Шымкент қаласы бойынша биыл міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде 1500-ге жуық жоғары технологиялы медициналық қызмет көрсету жоспарланған. Ауруханаларда ми қан тамырларының күрделі бұзылыстарында, жүрек ауруларын емдеуде және бүйрек, бауыр трансплантациясы мен басқа да ауруларда қымбат бағалы күрделі ота түрлері жасалуда. Еске салсақ, бұған дейін шымкенттік білікті дәрігерлерге 51 жастағы науқас оң жақ бет бұлшық еттерінің тоқтаусыз жиырылуына шағымданып,дәрігерлерге келген. Айтуынша, сырқаты төрт жылдан бері мазалаған. Қытай медицинасы, физио ем және дәрі-дәрмектер оң әсерлерінің болмауына байланысты, бас ми магнитті- резонансты томографиясына түсіп, бет нервісі мен артерияның арасының тым жақын орналасқандығы анықталған болатын. №2 қалалық ауруханасына Медетов Еркін Жұмағұлұлынан консультация алып, жоспарлы түрде ота жасауға жатқызылған. Ота барысында беттегі нерв пен артерия арасы ажыратылып, арасына тефлоннан жасалған материал қойылды. Микроваскулярлы декомпрессия отасынан соң көзге көрінетін үлкен тыртық қалмас үшін құлақ артынан шаш өсу шекарасының үстінен перпендикуляр 10 см ұзындығында тері кесіліп, ота соңында тері ішілік косметикалық байлам салынды. Ота барысы сәтті өтті.

Previous Post

ШЫМКЕНТ: қаланы аралаған әкім жауаптыларға нақты тапсырмалар берді

Next Post

Жаһандық тұрақтылыққа бағытталған жиын

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі