13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: демалыс орындарында маусымдық бассейндердің тазалығы басты назарда

26 июня, 2024
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТ: демалыс орындарында маусымдық бассейндердің тазалығы басты назарда
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында қаланың санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысының орынбасары Ахметов Алдарқұл Райымқұлұлы қаладағы демалу орындары мен жазғы шомылу бассейндері қандай талаптарды сақтау қажеттігін түсіндірді. Спикер мәлімдегендей, жазғы кезеңде санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметі қала аумағында орналасқан, оның ішінде шомылуға және демалуға арналған орындардағы жүзу бассейндері мен ашық су қоймалары суының сапасына және орталықтанған су құбырынан алынатын жүзу бассейндерінен зертханалық зерттеулерге сынама алумен мониторинг жүргізіледі. Алдарқұл Райымқұлұлының айтуынша, Шымкент қаласы аумағында 28-ден аса шомылу орындары бар, оның ішінде 9-ы жазғы демалыс ұйымдары. Маусымдық шомылу кезеңінің басталуына байланысты түрлі инфекциялық аурулардың алдын алу мақсатында мониторинг барысында 2024 жылдың маусым айында су айдындарындағы судың сапасын бактериологиялық зерттеулерге 33 сынама алынып, оның ішінде 10 сынама санитариялық талаптарға сәйкес келмеген, санитариялық-химиялық зерттеулерге 55 сынама су, паразитологиялық тексеруге 3 сынама, тырысқақ ауруына 19 су сынамалары алынып, оның ішінде санитариялық нормаларға жауап бермегені анықталмаған. Демалу орындарының әкімшілігі тарапынан өндірістік зертханалық бақылауды қамтамасыз ету бойынша қажетті жұмыстар жүргізілуі тиістігін ескертеді Шымкент қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті. Өндірістік зертханалық бақылау тәртібі бойынша жүргізілген талдау нәтижелері қанағаттанарлықсыз болған жағдайда, ақпарат 24 сағат ішінде міндетті түрде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесіне жіберілетінін айтты Алдарқұл Райымқұлұлы. Бұл жағдайда бассейн жабылады, бассейннің қалыбы шайылып, дезинфекцияланады, күрделі жинау, қажет болған жағдайда қосымша микробиологиялық және паразитологиялық зерттеулер жүргізіледі.

Previous Post

Шымкентте «Айбын-2024» халықаралық жиынының вице-чемпиондарын марапаттады

Next Post

ШЫМКЕНТТЕ СҰЙЫТЫЛҒАН ГАЗ ТАПШЫЛЫҒЫН БОЛДЫРМАУ БОЙЫНША ШАРАЛАР ҚАБЫЛДАНУДА

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі