13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте «Айбын-2024» халықаралық жиынының вице-чемпиондарын марапаттады

26 июня, 2024
in Жаңалықтар
0
Шымкентте «Айбын-2024» халықаралық жиынының вице-чемпиондарын марапаттады
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының теміржол вокзалының перронында «Айбын-2024» X Халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынының қатысушылары «Болашақ» командасын салтанатты түрде қарсы алды. Олар «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының намысын Қарулы күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери-патриоттық клубтары арасында қорғады және барлық сайыстардың қорытындысы бойынша «екінші» орынды иеленді. Жас спортшылардың жетістікке жетуінің маңыздылығын көрсету үшін вокзал перронында тек қатысушылардың туыстары ғана емес, сонымен қатар әскери бөлім басшылығы мен гарнизонның әскери оркестрі де жиналды. Қатысушылар келгеннен кейін «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының механикаландырылған бригадасының саптық алаңында «Болашақ» әскери-патриоттық клубының командасына құрмет көрсетілді. Мерекеге қатысушылардан басқа, команда мен мектеп басшылығы, бөлімнің жеке құрамын жинады. Бригада командирінің міндетін атқарушы подполковник Айдос Исаев құттықтау сөз сөйледі. — Сіздер халықаралық деңгейде өткен «Айбын-2024» әскери-патриоттық жастар жиынында абыроймен өнер көрсеттіп, құрметті «екінші» орынға ие болдыңыздар. Біздің гарнизонды ғана емес, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығын да жүлдегерлер қатарына қостыңыздар. Сіздерді осы жиындарға белсенді дайындаған мектеп басшылығына, ата-аналарға және әскери қызметшілерге алғыс айтамын. Жақын арада сіздер өз оқытушыларыңыз бен нұсқаушыларыңыздың ізімен жүріп, «Отан қорғаушы» мамандығының лайықты ізбасарлары боласыз деп сенемін, – деп атап өтті ол. Құттықтау сөздерінен кейін барлық қатысушыларға алғыс хаттар табысталды. Мектеп басшылығына, алғашқы әскери дайындық мұғаліміне және команданы дайындауға қатысқан әскери қызметшілерге ерекше назар аударылды. «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының алғыс хаттарын жарыс кезінде жеке есепте жақсы нәтиже көрсеткен «Болашақ» әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілері алды. Өз кезегінде №129 жалпы білім беретін мектептің басшылығы өз оқушылары мен әскери қызметшілерге естелік сыйлықтар табыс етті. Салтанатты шара соңында бригаданың жеке құрамы әскери оркестрдің музыкалық сүйемелдеуімен жас патриоттар алдында салтанатты шерумен өтті.

Previous Post

СИАНЬ САПАРЫ: ШЫМКЕНТТІК ДЕЛЕГАЦИЯ ҚЫТАЙЛЫҚ КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

Next Post

ШЫМКЕНТ: демалыс орындарында маусымдық бассейндердің тазалығы басты назарда

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі