13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте алғаш рет инвестициялық жобалардың интерактивті картасы іске қосылды

11 июля, 2024
in Жаңалықтар
0
Шымкентте алғаш рет инвестициялық жобалардың интерактивті картасы іске қосылды
16
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жобаның Кәсіпкерлер палатасында өткен таныстырылу рәсіміне Шымкент қаласына жұмыс сапарымен келген «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма мүшесі, Басқарма төрағасының орынбасары Тимур Нақыпбеков, қала әкімінің орынбасары Айдын Кәрімов, қала прокурорының бірінші орынбасары Жомарт Нұрғали, Өңірлік кеңес мүшелері қатысты.

Инвестициялық жобалардың интерактивті картасы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысына live-режимде мониторинг жасап, бақылауға және жобаларды дамыту барысын нақты түсінуге мүмкіндік береді.

«Біздің ортақ мақсатымыз – Қазақстанның инвестицияға қолайлы мемлекет атануы. Интерактивті картаның көмегімен әр инвестициялық жобаның қалай жүзеге асырылып жатқанын кезең-кезеңімен бақылауға болады. Қажет болған жағдайда түрлі деңгейдегі мемлекеттік органдардың өкілдері картамен танысып, түйткілді тұстар мен оларды шешу жолдарын анықтай алады», – деді «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Тимур Нақыпбеков.

Бизнес өкілдерінің айтуынша, алдағы уақытта интерактивті карта елде жүзеге асырылып жатқан ірі жобаларды енгізуге де болады.

Қала әкімінің орынбасары Айдын Кәрімов Шымкенттің кәсіпкерлікті жүргізу бойынша қолайлы қала екенін, ал бұл инвесторларды жұмылдыруға сеп болатынын атап өтті.

«Біздің басты мақсатымыз – сол инвесторларды шақыру ғана емес, жобасын сәтті жүзеге асыруға қолдау көрсету, сүйемелдеу. Осы инвестициялық жобалардың картасы – соның бір дәлелі. Жергілікті атқарушы органға да, кәсіпкерлерге де қажет жобаның әлеуеті мол. Күн сайын мұндай инвестициялық жобалардың саны артып келеді. Оларға дер кезінде қолдау көрсету аса маңызды», – деді Айдын Кәрімов.

Шымкент қаласы прокурорының орынбасары инвестициялық жобаларды сүйемелдеу басым бағыттардың бірі екеніне тоқталды.

«Бұл бағыттағы жұмыстар ҚР Бас прокурорының назарында тұр. Бүгінгі интерактивті карта да осы бағыттағы жұмыстардың бір тетігі. Осы орайда картада көрсетілген мәліметтер прокуратураның бизнесті қорғаудағы жұмысына септігін тигізеді. Ендігі ұсынысымыз – әр инвестор, әр кәсіпкер осы интерактивті картаға өзі тарапынан мәліметті сапалы әрі дер кезінде енгізсе, тиісті жұмыс істеуге қолайлы болады», – деді қала прокурорының орынбасары Жомарт Нұрғалиұлы.

Бүгінгі таңда инвестициялық жобалардың жалпы ұлттық бірегей пулының тізіліміне Шымкент қаласы бойынша жалпы сомасы 443 млрд 56 млн теңгені құрайтын 59 жоба енгізілген.

Жиын барысында, сонымен қоса, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Шымкент қаласының әкімдігі және Шымкент қаласының прокуратурасы арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Үшжақсы келісім кәсіпкерлерге қолдау көрсету аясында инвестициалық картаны ендіруді және белсенді қолдануды көздейді.

Previous Post

В ШЫМКЕНТЕ ОКОЛО 100 ЧЕЛОВЕК ПОСЛЕ ЗАМЕНЫ СУСТАВОВ ВЕРНУЛИСЬ К НОРМАЛЬНОЙ ЖИЗНИ

Next Post

«ӨЗ ЕЛІҢДІ ТАНЫП БІЛ» ТАҚЫРЫБЫНДА ЕРІКТІЛЕРДІҢ ТАРИХИ-МӘДЕНИ ОРЫНДАРҒА ЖАСАҒАН ЭКСКУРСИЯСЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі